• Басты
  • Жаңалықтар
  • С.Тасеменова: Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихаттардың сайлауын өткізу ел үшін тиімді (ВИДЕО)

С.Тасеменова: Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихаттардың сайлауын өткізу ел үшін тиімді (ВИДЕО)

19 Қаңтар, 2016 17:09
Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихаттардың сайлауын өткізу ел үшін тиімді, деді СҚО қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы Сара Тасеменова.

«Депутаттардың ұсынысы  жаңа бағдарламалар  бойынша жұмыс істеуге бет бұрып, Ұлт жоспары аясында  жаңа тиімді іс-шаралар дайындауы қажет. Оны жүзеге асыру үшін  өмірді білетін мамандар келуі керек. Сосын бұл кісілер өздері Президент жасаған бағдарламаны  нақты орындайды деген оймен осы ұсыныс беріліп отыр. Енді жергілікті депутаттардың сайлауы да мәжілістің сайлауы да бір уақытта өтеді. Сол елге тиімді болады», - деді СҚО қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы Сара Тасеменова.   

Естеріңізге сала кетейік, Ұлт жоспары «100 нақты қадамды» іске асыру мақсатында 13 қаңтар күні Парламенттің төменгі палата депутаттары ҚР Президентіне Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихатта мерзімнен бұрын сайлау өткізу туралы бастамасын ұсынды.

Барлық жаңалықтар