- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда «Жеңіс жолымен» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстанда «Жеңіс жолымен» кітабының тұсаукесері өтті
Сондай-ақ, осы шараға ішкі істер органдары ардагерлері және арнайы шақырылыған қонақтар қатысты. Жаңа кітап ішкі істер органдарының, қылмыстық-атқару жүйесінің, азаматтық қорғаныс және Ұлттық Ұлан қызметінде жұмыс атқарған Ұлы Отан соғысына қатысушыларға арналды.
«Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлерінің қазақстандық ұйымының» төрағасы Өмірзақ Болсамбеков өз сөзінде «Жеңіс жолымен» кітабы өз өмірін Отан қорғау ісіне арнаған ішкі істер органдары мен Ұлттық Ұлан қызметкерлері, яғни Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналатынын айтты.
Қазіргі уақытта ардагерлер ұйымында 60 мыңнан астам ардагерлер бар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері де, олар соғыстан кейінгі жылдары қылмыстың жолын кесуге ат салысты.
Аталған кітапта Кеңес Одағының 15 батыры мен екі Даңқ Орденінің иегерлері туралы арнайы бөлім бар.
Мәдени шара барысында шақырылған қонақтарға кітаптарды табыстау рәсімі өтті.
Іс-шара қорытындысы бойынша Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуов «Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлерінің қазақстандық ұйымына» мұрағаттық материалдарды іріктеп, аталған басылымның жарық көруіне үлесін қосқаны үшін алғысын білдіріп, ардагерлерге мықты денсаулық, қажымас қайрат тіледі.
Бұл кітаптың өскелең ұрпақты патриоттық және адамгершілік рухта тәрбиелеуге септігін тигізетіні аталып өтті.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады