- Басты
- Жаңалықтар
- ШОБ өсімі арқасында ШҚО-да 11 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылған
ШОБ өсімі арқасында ШҚО-да 11 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылған
Өткен жылы Шығыс Қазақстан облысында шағын және орта бизнес кәсіпорындарының саны 8237 кәсіпорынды құрады. Бұл 11,2 мың жаңа жұмыс орнының құрылуына, былтырғы жылдың соңғы 9 айында өнім өндіру көлемі 380,4 млрд. теңгеге жетуіне арқау болды.
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асырғалы бері облыста сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бойынша 625 жоба қолдауға ие болды. «Даму» қоры жалпы несие қоржыны 94,2 млрд. теңгені құрайтын 543 келісімге қол қойған. Аталған келісім бойынша 8,1 млрд. теңге субсидияға төленді.
Бағдарлама шеңберінде 2015 жылы оқыту курстарына 5 мыңнан астам ісін жаңадан бастаған және жұмыс жасап жүрген кәсіпкерлер қатысты.
Сондай-ақ, 2015 жылы 4,3 млрд. теңгеге 132 өтініш қабылданып, 116 келісімге қол қойылды. Ол келісімдер бойынша 1,6 млрд. теңгеге субсидия төленді. Ауылды жерлерде кәсіпкерлікті дамыту үшін былтырғы жылы 1,5 млрд. теңге бөлінген. 600 адам шағын несие алып, 742 жаңа жұмыс орнының ашылуына үлес қосты.
ШОБ-ті қолдау Бағдарламасы бойынша қайта өңдеу өнеркәсібінде жалпы құны 5 965 млн. теңгені құрайтын 56 жоба іске асырылуда. Қаржыландыру 2015 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ұлттық қор қаражатынан жүзеге асырылды. Қаржы құрылыс гипсін, тауарлы бетон, ағаш құрылыс құрастырылымын және азық-түлік өндіруге бағытталған жобаларға бөлінді.
Айта кету керек, аймақта автобөлшектерді шығару саласында шағын және орта бизнесті біріктіру үшін, облыс әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасына сәйкес автомобиль кластерін дамыту бойынша шеберлік жоспар әзірленді. Бүгінгі таңда оны іске асыру үшін жол картасын дайындау жұмыстары жүргізілуде.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер