Ақтөбе облысында Самара-Шымкент тасжолы бойынан кемпинг ашылды

19 Қаңтар, 2016 20:26
Күре жолға жақын орналасқан Ақжар ауылдық округі маңынан бой көтерген «Райгүл» кемпингінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлады ішкі саясат басқармасы.

Соңғы үш жылда ауданда жол бойында қызмет көрсететін 13 нысан іске қосылған. Қызмет көрсету орталықтарына ел азаматтарынан өзгеТүркия, Ресей, Қытай, Молдавия, Болгария, Өзбекстан жолаушылары да аялдайды. Алдағы уақытта жол бойында бұдан басқа он шақты кемпинг ашу жоспарланған. Соның алтауы биыл жүзеге асырылмақ. Мемлекет тарапынан мұндай орталықтарға инженерлік желілер тегін тартылады.

Ақжар ауылында бұған дейін бір кемпинг болған. «Райгүл» кемпингінің иесі Ержан Кенжебаев жаңа нысанды іске қосу үшін 30 млн. теңге жұмсапты.Орталықтың ішкі әрлеу жұмыстарын жүргізу үшін «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша 3 миллион теңге көлемінде несие алған.

Кемпингте 80 адамға арналған асхана, 16 орындық қонақүй және монша бар. Алыс сапарларға бет алған жолаушылардың ауқаттанып, демалуы үшін барлық жағдай жасалыпты.

 

 

 

Барлық жаңалықтар