Парламенттік сайлау елге тұрақтылық пен күш береді - А.Тілеуова

19 Қаңтар, 2016 15:03
Мен Қазақстан азаматы ретінде аталмыш парламенттік сайлауды өткізу елге тұрақтылық пен күш береді деген ойдамын, деді Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында Астана қаласының №36 ОМ бастауыш сынып ұстазы Анар Тілеуова.

«Депутаттардың  Парламент Мәжілісінің  мерзімінен бұрын сайлауын өткізу ұсынысы орынды және қажетті шешім. Мен Қазақстан азаматы ретінде аталмыш парламенттік сайлауды өткізу елге тұрақтылық пен күш береді деген ойдамын. Біз бүгін әлемдегі тұрақсыздыққа куә болып отырмыз, Қазақстан дағдарысқа қарсы шараларды қабылдауы тиіс. ҚР Президенті аталмыш ұсынысты қолдаған жағдайда  Парламент Мәжілісіне білімді, білгір азаматтар келуі тиіс», - деді А.Тілеуова.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлт жоспары «100 нақты қадамды» іске асыру мақсатында 13 қаңтар күні Парламенттің төмеңгі палата депутаттары ҚР Президентіне Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихатта мерзімнен бұрын сайлау өткізу туралы ұсыныстарын білдірді.

Ботагөз Айтжанова

Сурет жеке мұрағаттан алынды 

Барлық жаңалықтар