• Басты
  • Жаңалықтар
  • Г.Нәсімова: ҚР Парламент Мәжілісінде болатын мезгілден бұрын сайлау дағдарысқа қарсы реформаның жүзеге асуын жеделдетеді

Г.Нәсімова: ҚР Парламент Мәжілісінде болатын мезгілден бұрын сайлау дағдарысқа қарсы реформаның жүзеге асуын жеделдетеді

19 Қаңтар, 2016 14:26
ҚР Парламент Мәжілісінде болатын мезгілден бұрын сайлау дағдарысқа қарсы реформаның жүзеге асуын жеделдетеді, деп Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ саясаттану және саяси кафедрасының басшысы Гүлнәр Нәсімова айтып кетті.

«Қазір Қазақстанның алдында әлемдік экономикалық дағдарыс пен әлемде болып жатқан  қайшы үрдістерге жауап іздеу мақсаты тұр. ҚР Парламент Мәжілісінде болатын мезгілден бұрын сайлау Мәжілістің жаңа құрамын қалыптастыруға септігін тигізеді. Ол өз кезегінде дағдарысқа қарсы реформаға ғана жауапты болмай, сондай-ақ жаңғырту міндеттерін шешу жұмыстарына да кірісетін болады»,-деді Г.Нәсімова.

Сарапшының ойынша, сайлау партияларды жандандыруға септігін тигізеді.

«Әрине, сайлау нәтижесі еліміздің реформалауында тұрақтылық, технологиялық, пәтуәластық туғызуы ықтимал. Сайлау арқасында саяси салдарды бағалау мүмкіндігіне ие боламыз»,-деп қорытындылады саяси ғылым докторы.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлт жоспары «100 нақты қадамды» іске асыру мақсатында 13 қаңтар күні Парламенттің төмеңгі палата депутаттары ҚР Президентіне Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихатта мерзімнен бұрын сайлау өткізу туралы ұсыныстарын білдірді.

Анар Тәңірқұлова

kaznu.kz сайтынан алынған фото

Барлық жаңалықтар