- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында әкімдердің халыққа есеп беру кезеңі басталды
Жамбыл облысында әкімдердің халыққа есеп беру кезеңі басталды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2013 жылғы 15 тамыздағы №615 Жарлығын іске асыру мақсатында облыс бойынша ағымдағы жылғы 18 қаңтар мен 13 ақпан аралығында 156 аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтер мен ауыл әкімдері және 11 аудандар мен Тараз қаласы әкімдері 2015 жылдың қорытындысы бойынша өз есептерін тұрғындар алдында беруі жоспарланса, 19 ақпанда Тараз қаласында облыс әкімінің есебін өткізу жоспарланып отыр, барлығы 379 кездесу өткізу жоспарланған.
Бүгінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беру кестелері және арыз-шағымға арналған жәшіктердің орналасқан мекен-жайлары, округ әкімдерінің атқарған жұмыстарының тезистері жариялануда.
Есептік кездесу өткізу кестелері алдын-ала ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген.
Өткен жылы 14 қаңтар мен 14 ақпан аралығында барлық деңгейдегі әкімдер және 20 ақпанда облыс әкімі өз есептерін халық алдында берген болатын.
Барлық өткізілген 379 кездесуге 44 мыңнан аса адам қатысып, 1207 ұсыныс айтылды. Оның ішінен 228 сұрақ бақылауға алынып, арнайы іс-шаралар жоспарына енгізілсе, қалған сауалдарға мерзімінде жауаптар берілді. Бүгінде іс-шараға енген 228 мәселенің 160-сы өз шешімін тапса, 68 мәселе кезең-кезеңімен орындалуда.
Облыс әкімінің есебіне келсек, есеп кезінде облыс тұрғындарын толғандырып жүрген өтініш-тілектердің 27-сі арнайы іс-шаралар жоспарына енгізіліп, бақылауға алынды, оның бүгінде 16-сы өз шешімін тапты.
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар