2016 жылы «Астана-Петропавловск» автожолының құрылысы аяқталады

19 Қаңтар, 2016 12:18
2016 жылы «Астана-Петропавловск» автожолының құрылысы аяқталады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов мәлімдеді.

«Біз үшін жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту және жаңғырту мәселесі өте маңызды. Осы жылы 143 шақырымға созылған «Астана-Петропавловск» автожолының құрылысы аяқталады. Нысанда 20 шақырым қалып отыр, жаңа автожол толығымен  пайдалануға беріледі», - деді әкім.

Оның айтуынша, жергілікті маңыздағы жолдарда 5,2 млрд теңгенің 260 шақырым автожолы жөнделді.

«Осы жылы біз аталмыш жұмысты жалғастырамыз, тағы 5,6 млрд теңгеге 360 км жолды жөндеуді жоспарлап отырмыз», - деді ол.

Индира Кауметова

 

 

Барлық жаңалықтар