• Басты
  • Жаңалықтар
  • Е.Сұлтанов: СҚО-да БЖК-2020 бағдарламасын іске асыруда 42 млрд теңгеге 773 жобаны мақұлдады

Е.Сұлтанов: СҚО-да БЖК-2020 бағдарламасын іске асыруда 42 млрд теңгеге 773 жобаны мақұлдады

19 Қаңтар, 2016 12:14
Солтүстік қазақстан облысында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыру кезінде 42 млрд. теңге қаражат көлеміндегі 733 жоба мақұлданды, деп ОКҚ баспасөз конференциясында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов айтты.

«Бүгінгі күні облысымызда 110 мың адам жұмыс істейтін 34 мыңнан астам шаруашылық субъектілері  бар. Жалпы аймақтық өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 25% -ды құрайды. Бұл республика бойынша 5-ші орында тұрғанымызды көрсетеді. Бұрыннан және жаңадан бастап келе жатқан кәсіпкерлер мемлекеттік құралды қолданады. Қол қойылған келісімшарттар бойынша облысымыз республикалық аумақтар бойынша жақсы позицияда тұр- несиелік кепілдік бойынша 3-ші орында»,-деп хабарлады әкім.

Осылайша «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 42 млрд теңге қаражатына 773 жоба мақұлданды.

«Біздің бизнесмендер өз мүдделеріне қатысты ғана жобаларды іске асырып қоймай, басқа да экономикалық салаға өндірістік сұранымды жасауға жол ашады. Мысал үшін, темір бетон бұйымдар рамалары мен панельді үй құрылысы өндіруін айтуға болады»,-деді ол.

Сондай-ақ, әкімнің айтуыншга, заңдастыру мәселесі бизнес аясымен өте тығыз байланысты. 2015 жылы аймақта заңдастыру бойынша 867 нысанадан 756 өтініш жалпы сомасы 4,6 млрд теңгеге түсті.

«409 нысанның мүлкі заңдастырылды. Қалғандары әлі қарастырылуда. Жекешелендіруге жататын кәсіпорындар тізімінің екінші толқыны аясында аймаққа 39 нысана кірді»,- деді әкім.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар