• Басты
  • Жаңалықтар
  • Е.Сұлтанов: 2015 жылы СҚО-да ауыл шаруашылығына түскен инвестиция көлемі 17 млрд теңгені құрады

Е.Сұлтанов: 2015 жылы СҚО-да ауыл шаруашылығына түскен инвестиция көлемі 17 млрд теңгені құрады

19 Қаңтар, 2016 11:18
2015 жылы СҚО-да ауыл шаруашылығына түскен инвестиция көлемі 17 млрд теңгені құрады, деді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов ОКҚ-да.

«Қазір аграрлық секторда жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп жатырмыз, бұл мемлекеттік қолдау нәтижесінде болған жетістік. 2015 жылы СҚО-да ауыл шаруашылығына түскен инвестиция көлемі  17 млрд теңгені құрады. 2013 жылмен салыстырсақ, өсім 85 пайызды құрады. Яғни, 9,3 млрд теңгеге тең», - деді ол.

Е.Сұлтанов атап өткендей, бүгіннің өзінде облыста   138 млрд теңгенің  60 жобасын жүзеге асыру қарастырылған.

 Оның ішінде ет, сүт, ұн мен макарон өнімдерін өңдеу саласы болып отыр.

Облыс басшысы Қазақстанның инвестициялық қоры «Биохим» өндірістік кешенінің қызметін қалпына келтіру жүзеге асырылуда. Бірінші кезеңнің пилоттық іске қосылуы осы жылдың желтоқсанында іске қосылады.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар