- Басты
- Жаңалықтар
- 2015 жылы 100 мыңнан астам адам әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды
2015 жылы 100 мыңнан астам адам әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды
Сондай-ақ, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетілді: 239 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек ұсынылды; 1200 астам отбасыға 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы төленді; 1662 отбасыға тұрғын үй көмегі көрсетілді.
«Өрлеу» пилоттық жобасы шеңберінде шартты ақшалай көмек ұсыну бойынша жұмыстар жалғасуда. «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» бағдарламасы бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына тегін қызметтер ұсыну және ақшалай төлемдер түрінде 2 536 500 теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді, оның ішінде 1 235 700 теңге қалалық бағыттағы жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жол жүруге бөлінді.
Мүмкіндігі шектеулі жандар оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес кресло-арбалармен, протездік-ортопедиялық бұйымдармен, тифлотехникалық және сурдотехникалық құралдармен, міндетті гигиеналық құралдармен, шипажайлық-курорттық емделумен, жеке көмекшінің қызметтерімен, ым тілі маманымен қаматамасыз етіледі. Жыл сайын Мүгедектер күніне орай материалдық көмек көрсетіліп отырады. Есептік кезең ішінде 9 200 мүмкіндігі шектеулі жанға әлеуметтік көмек көрсетілді.
2015 жылдың сәуір айынан бастап Астана қаласы әкімдігінің «Қарттарға, мүгедектерге және мүгедек балаларға арналған оңалту орталығы» ШЖҚ МКК қызметі жүзеге асырылады. 2015 жылы оңалту орталығында шипажайлық-курорттық емделу қызметтерімен 1638 мүмкіндігі шектеулі жан қамтылды.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында елордада жүріп-тұруында қиындығы бар мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін «Инватакси» қызметі ұйымдастырылған. Онда 17 «Инватакси» автокөлігі жұмыс істейді. 2015 жылы 1484 жуық адам аталған қызметті пайдаланған. Арнаулы әлеуметтік қызметтермен 3457 адам қамтылды, ол 97,6% құрайды, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар 283 адамға (көмекке мұқтаж адамдардың жалпы санының 8,2%) қол ұшын созды.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді