• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазғарыш дәлдігі жоғары спутниктік навигацияның бірінші өндірісін шығаруға кірісті

Қазғарыш дәлдігі жоғары спутниктік навигацияның бірінші өндірісін шығаруға кірісті

19 Қаңтар, 2016 14:47
Қазғарыш «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ дәлдігі жоғары спутниктік навигацияның бірінші өндірісін шығаруға кірісті, деп хабарлайды Қазғарыш.

Өткен жылдың соңында өнеркәсіптік пайдалануға «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ спутниктік навигациялық жабдықтың тәжірибелі өндірісі қабылданды. Ол өз кезегінде дәлдігі жоғары спутниктік навигациялы ұлттық операторы болып табылады.

Спутниктік навигациялық жабдықтар өндірісі Астана қ. Ұлттық ғарыш орталығының жерүсті кешенінде орналастырылған.

Алдағы күні қазақстандық мамандармен үш түрлі отандық өнім жасалып шықты.

Бұл дифференциалды бекет, арнайы бағдарламалық қамсыздандыру, геодезиялық сыныпты навигациялы тұтынушылық жабдық дәлдік, авариялар, көліктердің апаттарға ұшыраған жағдайында жедел қоңырау шалу үшін навигациялы жабдық тұтынушылардың стандартты дәлдігі.

Айта кететін жайт, көліктердің апаттарға ұшыраған жағдайында жедел қоңырау шалу үшін навигациялы жабдығы мен дефференциалды бекетінің алғашқы отандық өнімін шығару 2016 жылы шығарылады.

Қазіргі күні «Қазақтелеком» АҚ көліктердің апаттарға ұшыраған жағдайында жедел қоңырау шалу үшін навигациялы жабдығын түрлендіру бойынша толық түрде жұмыс атқарылуда. Бұл арнайы тұтынушылары: ҚР ІІМ ТЖ комитетінің ішкі істер органы, жедел жәрдем көмегі және т.б жасалуда.

Қазіргі күні «ҚҒС» ҰҚ» АҚ-мен бірге темір жол бойларында дифференциалды бекет орнату жұмыстары талқылануда.

Бұл жоба бойынша дифференциалды бекет нұсқасы дайындалу үстінде. Ал оның сериялық өндірісі 2016 жылдың төртінші тоқсанында басталады.

Барлық жаңалықтар