• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай астаналық жетім балалар кинотетар мен мұз айдынына тегін барады

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай астаналық жетім балалар кинотетар мен мұз айдынына тегін барады

11 Қараша, 2013 16:31
ҚР Тұңғыш Президенті күнін атап өтуге орай Балалар құқықтарын қорғау департаменті кішкентай астаналықтар үшін бірқатар іс-шаралар ұйымдастырады, деп ведомство хабарлады.

«20 қарашада «Алау» спорт кешеніне, 30 қарашада - ҚР Тұңғыш Президентінің Музейіне, 27 қарашада - жағажайда демалып, суға түсу үшін «Хан Шатыр» сауда-ойын сауық орталығына барады», - деп хабарламада нақтыланған.

29 қарашада «ҚР Тұңғыш Президентінің күні» тақырыбында тәрбие беру шарасы өтеді. 1 желтоқсанда балалар «Арсенал» кинотеатрында болып қайтады. Осы күні мерекеге орай Отбасылық типтегі балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған салнататты іс-шара ұйымдастырылады. Сонымен қатар, балалар «Н.Ә.Назарбаевтың Елбасы және Президент ретінде қалыптасу жолы» атты фильмді тамашалайды.

Еске сала кетейік, 2011 жылғы 10 желтоқсанда Парламент Сенатының пленарлық отырысында «ҚР Мерекелер туралы» ҚР заңына толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды. Республикамыздың тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өту қарсаңында бір топ депутат жаңа мерекені бекіту туралы ұсыныс жасады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің күні Қазақстанның бірінші Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекетке сіңірген еңбегін бағалау, ерекше атап өту мақсатында бекітілді.

Астанада ҚР Тұңғыш Президентінің күні қарсаңында бірқатар мерекелік, әлеуметтік маңызды және патриоттық акциялар, кездесулер мен мәдени т.б. іс-шаралар ұйымдастырылады.

 
Барлық жаңалықтар