2015 жылы СҚО-ның жергілікті бюджетіне 32 млрд теңге кіріс түсті – әкім

19 Қаңтар, 2016 10:49
2015 жылы Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті бюджетіне 32 млрд теңге кіріс түсті, деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов ОКҚ-дағы брифингте.

«2015 жылғы бюджет 100 пайыз орындалды, жергілікті бюджетке 31,9 млрд теңге түсті. 2014 жылдық көрсеткішпен салыстырғанда өсім көлемі 118 пайызды құрады. Бюджеттік шығын бөлігі 99,4 пайызға орындалды», - деді әкім.

Оның айтуынша, 2015 жылы бюджет тиімділігін ұлғайту үшін әлеуметтік сала нысандарының құрылысы мен баспана және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысының аяқталуына арналған 3,5 млрд теңге оңтайландырылды.

Жалпы, макроэкономикалық көрсеткіштерге келсек, 2015 жылы өңірлік өнімнің жалпы өсімі 102,8 пайыз көлемінде тұр.

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар