- Басты
- Жаңалықтар
- Э.Алили: Қазақстанға тұрақты азаматтық құрылым қажет
Э.Алили: Қазақстанға тұрақты азаматтық құрылым қажет
«Әлемдік экономикадағы дағдарыс әлем елдеріне әсер етіп жатқаны сөзсіз. Кей елдер экономикалық және саяси деградация шырмауығына еніп кеткені сонша әлемдік макроэкономикалық жағдай жақсарған кезде де мемлекеттік құрылымдарын сақтап қалу үшін күш жұмсайды. Тіпті дамыған экономикасы қуатты елдер де бүгінде бірқатар экономикалық және әлеуметтік проблемаларды шешуде қиындыққа ұшырап жатыр. Кейбір елдер соғыстың құрсағына еніп, лаңкестікке біраз жылға тәуелді болып отыр. Осы сынды әлемдік жағдайда Қазақстанның геосаясатына тұрақты азаматтық құрылым қажет. Елбасы Н.Назарбаевтың жан-жақты саяси саясаты мен жаһандық дағдарыс мәселесін стратегиялық түрде шеше алуы оң фактор болып саналады, ол әлемдік хаостың экономика мен саясатқа тигізетін әсерін азайтады. Елде маңызды реформаларды жүзеге асыру үшін жаңа кадрлар қажет. Уақыттың сынағына сай жаңа әдіс дайындау қажет», - деді әзірбайжандық сарапшы.
Оның айтуынша, ҚР парламент Мәжілісі жаңарған құрамға ие болса, дағдарысқа қарсы шараларға бірден кірісіп кетуі керек.
«Елбасы Н.Назарбаев депутаттардың Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихаттардың сайлауын өткізу бастамасын қолдайтын болса, Мәжілістің жаңа құрамы Қазақстан халқынан сенім мандатына алып, дағдарысқа қарсы шара мен президенттік реформаларды жүзеге асыру үшін заңнамалық негізді дайындауы қажет. Халықтың сенім мандатына ие болған депутаттық корпус тарихи жағдайда қалыптасқан өзінің жауапкершілігін дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыруда қоғамның бірлігін қамтамасыз етуі тиіс. Бұл Қазақстанның жаңа даму толқынына шығуға мүмкіндік береді», - деді Э.Алили.
Данияр Қасымов
Сурет жеке мұрағаттан алынды
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет -
Сарапшылар пікірі: Оқушылар мен студенттерге қандай дағдыларды дамыту қажет