- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық десантшы курсанттар оқу барысында парашютпен 25 мәрте секіреді (ФОТО)
Қазақстандық десантшы курсанттар оқу барысында парашютпен 25 мәрте секіреді (ФОТО)
Қазіргі уақытта десантшы курсанттарды оқыту үшін Әскери институтта жеке кафедра құру туралы мәселе қаралуда.
«Әуе-десанттық әскерлер және әскери барлау» факультетінің түлектері Қарулы Күштер мен еліміздің әртүрлі ведомстволық құрылымдарында қызмет өткеруде. Олар дене түрғысындағы жүктемелерді, жүйке-психикалық күйзеліс пен оқу-жауынгерлік қызметтің қолайсыз факторларына төзімді болып келеді. Армиямыздың жарақтандырылуындағы қару мен жауынгерлік техниканы меңгерген.
Оқу кезеңінде орташа есеппен курсант парашютпен 21-26 секіру жасайтынын айта кетейік. Секірулер ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері Әскери-көліктік авиациясының Ан-2, Ан-12 ұшақтары және Ми-8 тікұшағынан орындалады. Дене даярлығы – десантшы офицерлерді оқыту мен тәрбиелеуде маңызды және ажырамас бөлік болып саналады. Спортпен шұғылдану және сабақтарды өткізу үшін институтта спорт кешені бар. Онда курсанттар гимнастика, ауыр атлетика және қоян-қолтық ұрыс бойынша өздерінің шеберліктері мен машықтарын шыңдайды. Барлық десантшы курсанттар қоян-қолтық ұрыс бойынша көрсетпелі көрсетілімдерге қатысады. Сонымен қатар жүзу хауызы бар. Қазіргі сәтте ол хауызда жеңіл сүңгуірлік керек-жарақта сүңгуді пысықтау жөнінде мәселе қаралуда.
«Әуе-десанттық әскерлердің тактикасы», «Әскери барлау» оқу пәні бойынша практикалық сабақтар Құрлық әскерлері Әскери институтының оқу-жаттығу орталығында өткізіледі. Өзге мамандықтардың курсанттарынан айырмашылығы оқу-жаттығу орталығына бару және институтқа кері қарай қайту тактика және әскери барлау бойынша оқу сұрақтарын пысықтай отырып, жаяу жүріс тәртібінде іске асырылады. Оқыту бағдарламасы адами десанттық парашюттерді, парашюттік-десанттық ыдысты және әуе-десанттық дайындық жөніндегі сабақтарды өткізу әдістемесін зерделеуде негізделеді. Факультет түлегі әртүрлі мамандықтағы сарбаздарды парашюттік секіруді орындауға даярлай алады, материалдық бөлікті біледі, жеке құраммен әуе-десанттық даярлық жөніндегі сабақтарды өткізе алады.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды