- Басты
- Жаңалықтар
- Оңтүстіктен СҚО-ға 400-ден астам отбасы қоныс аударады
Оңтүстіктен СҚО-ға 400-ден астам отбасы қоныс аударады
Нақтырақ айтсақ, қазіргі таңда, аталған өңірге көшуге ниет білдірген 458 отбасының 50-і, яғни 200-ге жуық оңтүстікқазақстандық Солтүстікке көшіп, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы арқылы жұмыспен, баспанамен қамтылған.
Ал қалған отбасылар үшін Солтүстік Қазақстан облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тарапынан тиісті жұмыстар қарастырып, құжаттарын реттеуде. Бүгінде Күнгейден теріскейге көшкен отандастарымыздың дені құрылыс, білім беру, ауыл шаруашылығы мен медицина салаларында еңбек етіп, еліміздің дамуына өз үлесін қосуда.
Еске салсақ, өткен жылдың маусым айында өңірімізге Солтүстік Қазақстан облысының арнайы делегациясы келіп, аймағымыздың жұмысқа қабілетті азаматтарын солтүстікке қоныс аудару арқылы тұрғын үй, басқа да әлеуметтік көмектер (оның ішінде, жұмыс берушілердің есебінен 53 тұрғын үй, 3 пәтер, жатақхана т.б) көрсете отырып, жұмысқа шақырған болатын. Осыдан соң, арада көп өтпей ОҚО әкімінің орынбасары Е.Айтахановтың жетекшілігімен арнайы топ Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барып, сондағы 13 ауданның еңбек рыногының жағдайымен танысып қайтқан болатын.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда