- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның демократиялық дамуындағы жаңа баспалдағы
Қазақстанның демократиялық дамуындағы жаңа баспалдағы
Сауалнама сұрағына жауап бергендердің 92,5%-ы мерзімінен бұрын сайлау өткізу қазақстандықтардың ертеңгі күндеріне деген сенімдерін нығайтуға ықпалын тигізеді деп есептейді.Мемлекеттік мекемелер, азаматтық қоғам, жоғары оқу орындары өкілдері арасында, саясаттанушылар, журналистер арасында және басқа да сала өкілдері арасында жүргізілген сауалнаманың барысын жария етті. Демократия институтының сауалнамасына бас-аяғы 97 сарапшы қатысқан.Сауалнама нәтижесінде, сарапшылардың 94,8%-ы бұл дағдарысқа қарсы жедел әрекет ету үшін ауадай қажет екенін айтқан. Респонденттердің 93,4%-ы депутаттардың «5-шақырылымдағы Парламент мәжілісі өз миссиясын орындады» деген пікірмен толықтай келіседі. 94,2%-ы сайлау жаңа партияларға өз күштерін сынап көруге мүмкіндік береді деп санайды.
Бұл пікірлерді Парламент шақырылымының бұрыңғы өкілдері де келісіп отыр. Олардың бірі Л.Гумилев атындағы ЕҰУ философия кафедрасының меңгерушісі, профессор Ғарифолла Есім.
«Параламенттің таралуы – өз уақытындағы құбылыс, Президент 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру мақсатын қойды, оған сәйкес 80 заңнамалық акт қабылданды. Оларды басынан бастап жаңа адамдар жүзеге асыру қажет, Парламенттің жаңа құрамы бұны жүзеге заңнамалық түрде жүзеге асырады. Біз фракцияның шешімін қолдаймыз, олар Парламент Мәжілісінің таратуы бойынша бастаманы Елбасына ұсынды. Мемлекет басшысы бұл бастаманы қолдайды деген үміттеміз», - деді профессор.
Бүгінгі пікірлердің ішінде биылғы Парламент Мәжілісінің құрамы өздерінің міндеттерін ойдағыдай атқарып шықты. Ендігі күні депутаттық топтың құрамы жаңартылуы керек, деген ойлар айтылды. Бұл Петропавл қ. саңырау балаларға арналған интернат директоры Жангелді Тәжиннің пікірі.
«Бүгінгі күні Қазақстан әлемдік экономиканың сыртқы сынақтарына қарсы тұруда. Бұл, Елбасының бастамасы Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бағдарламасына орай болды. Жан-жақтылы құжаттың бұл түрі қазақстандықтардың келешегіне сеніммен қарауға жол бастайды. Жаһандық дағдарыстың алғашқы көріністері кезінде бүгінгі ҚР Парламент Мәжілісінің құрамы өз жұмыстарын жоғары деңгейде атқарып шықты. Қарапайым азаматтарды жаңа экономикалық жағдайға үйрету үшін, депутаттық корпустың мүшесін жаңарту қажет. Егер аталмыш бастама Елбасымен келісілсе, бұл жағдайда депутаттардың құрамын жаңартуға мүмкіндік түседі. Менің ойымша, сайланған өкілдер ағымдағы ортада қарапайым азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңдардың қабылдауы тиіс. Әсіресе, мүгедек жандарға»,-деді Ж. Тәжин.
Сондай-ақ, пікірлердің тізімінде сөзсіз, егер Парламент Мәжілісінде мерзімінен бұрын сайлау өткізілетін болса, бұл Қазақстанның қалыптасыуының негізі болады, деген пікірді Әзірбайжан Республикасының Милли Мәжіліс депутаты Айдын Мирзазаде білдірді.
«Мерзімнен бұрын сайлауды өткізу ойы-ол Қазақстандық қоғамның бастамасы. Әзірбайжан қазақстандықтардың бұл шешіміне оңтайлы қарап, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бекітуін күтуде. Тәуелсіздігін алған Қазақстан бүгінгі күні өзін қарқынды дамып келе жатқан, тұрақты мемлекет ретінде көрсете білді. Бүгін Қазақстан Орталық Азияның жетекші елі болып табылып, халықаралық қоғамдыстықта құрметке ие болды. Әзірбайжан мен Қазақстан арасында достық қарым-қатынас қалыптасқан. Қазақстанда болып жатқан кез-келген жағдайлар басқа халыққа қызығушылық тудырады. Сөзсіз, егер мезгілден бұрын сайлау өткізілсе, ол Қазақстанның жаңа кезеңге өтуіне септігін тигізеді. Біздің ойымызша, Қазақстанның Парламент Мәжілісі заманымыздың барлық жағдайларына оңтайлы орын тауып, әзірбайжан-қазақстан арасындағы қарым-қатынастарының нығайуына үлкен рөл алып келетін болады деп есептейміз»,-деді А.Мирзазаде.
Қазақстан-тәуелсіз мемлекет. Ол елі үшін қандай да бір маңызды шешім қабылдамас бұрын, ұлттық мүдделерін басшылыққа ала отырады, деп Қырғызстан Республикасының Жоғарғы Кеңес (Парламент )депутаты Дастан Бекешев айтып өтті.
«Мен өз тарапымнан ҚР Парламент Мәжілісінде болатын сайлау туралы жаман немесе жақсы ой айтқым келмейді. Көбінің ойынша, ҚР Парламент Мәжілісінде болатын мерзімінен бұрын сайлау дағдарысқа қарсы шара. Қазақстан – Тәуелсіз ел. Ол елі үшін қандай да бір маңызды шешім қабылдамас бұрын, ұлттық мүдделерін басшылыққа ала отырады. Менің ойымша, ҚР Парламент Мәжілісінде болатын мезгілден бұрын сайлау- экономикалық, саяси тұрғысынан қолайлы шешім»,-деді ол.
Мәжілістің мерзімінен бұрын сайлауын өткізу бастамасы Елбасын да бей-жай қалдырмады. Бүгін Мемлекет басшысы бүгін 18 қаңтарда Парламент Мәжілісінің төрағасы Қабиболла Жақыповпен және Премьер-Министр Кәрім Мәсімовпен консультация өткізді. Кездесуге сондай-ақ Президент Әкімшілігінің Басшысы Н.Нығматулин қатысты.
Елбасы Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс Парламент сайлауын өткізу туралы бастамасы түрлі пікірталас алаңдарында, сарапшылар арасында және бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен талқыланып жатқанын айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев қоғамдық пікірді анықтауға арналған сауалнама да бұл ұсыныстың кеңінен қолдау тапқанын көрсетіп отырғанына назар аударды.
Қ.Жақыпов партиялардың сайлаушылардан жаңа сенім мандатын алу, кең қоғамдық ұйысу, сондай-ақ жүргізілетін реформаларды барлық деңгейде жүзеге асыру үшін Мәжіліс пен мәслихаттар іс-қимылын сәйкестендіру қажеттігі мұндай шешімнің қабылдануына басты себеп болғанын атап өтті.
Сондай-ақ, Елбасы 18 қаңтарда Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Премьер-Министр Кәрім Мәсімовпен консультация өткізді.
Консультация барысында кезектен тыс Парламент сайлауын өткізу туралы Мәжіліс депутаттарының бастамасы қаралды.
Қазақстан Президенті бұл бастама қазақстандықтар арасында кеңінен қолдау тапқанын және мемлекет жүзеге асырып жатқан терең реформалар мен әлемдік нарықтағы ахуал тұрғысынан өзекті болып отырғанын атап өтті.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы бастаманың Мәжіліс пен мәслихат сайлауын біріктіруге, қаржылық және ұйымдастырушылық шығыстарды оңтайландыруға мүмкіндік беретініне назар аударды.
Қ.Тоқаев кезектен тыс сайлау өткізу жөніндегі бастама дер кезінде көтерілгенін, өйткені Мәжіліске бүгінде ел алдында тұрған міндеттерді нақты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа мандатын алу қажет екенін айтты.
Елбасы бұл кездесулерден кейін Конституциялық кеңес төрағасы Игорь Роговпен консультация өткізді.
Кездесу барысында кезектен тыс Парламент сайлауын өткізу мәселесі талқыланды.
Мемлекет басшысы Мәжіліс депутаттарының үндеуін алғанын, онда аталған бастамаға реформаларды және мемлекет белгілеген дағдарысқа қарсы шараларды тиімді жүзеге асыру қажеттігі негіз болғанын атап өтті.
Сонымен қатар Қазақстан Президенті Парламенттің қос палатасының төрағаларымен және Премьер-Министрмен консультация өткізгенін айтты.
И.Рогов Конституцияның 63-бабының 1-тармағына сәйкес, Парламентті немесе Парламент Мәжілісін Қазақстан Президенті Парламент палаталарының төрағаларымен және Премьер-Министрмен консультациядан кейін тарата алатынын айтты. Сонымен бірге, Конституциялық кеңес төрағасы кезектен тыс сайлау Парламент немесе Парламент Мәжілісі өкілеттігін мерзімінен бұрын доғарған күннен кейін екі ай ішінде өткізілетініне назар аударды.
И.Рогов Мәжіліске кезектен тыс сайлауды алдағы барлық деңгейдегі мәслихат сайлауымен бір мезгілде өткізу Конституция нормаларына толық сай келетінін атап өтті.
Елбасы енді мәжілісмендердің аталмыш бастамасына қолдау көрсетсе ҚР Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейлі мәслихаттардың сайлауын өткізудің электоралды үрдісі басталады. Осынау ірі саяси үрдістен кейін қазақстандықтар жергілікті органнан Мәжәліске дейінгі билік құрамын жаңартады. Демек, елде демократиялық даму жаңа баспалдаққа көтеріледі.
Данияр Қасымов
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр