Атырау облысында 81 жобаны іске асыру үшін 225 млн теңге бөлінді

11 Қараша, 2013 16:19
Биыл республикалық бюджеттен 225 млн теңге 81 жобаны жүзеге асыру үшін бөлінді. Аталмыш жобалар білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, сумен қамтамасыз ету, газбен қамтамасыз ету, коммуналдық шаруашылық, көлік коммуникациясы мен өзге де нысандарды күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізу мақсатында бөлінді, деп хабарлайды облыстың Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы.

«Атырау облысында «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 1 737 млн теңге Индер ауданындағы Индербор ауылындағы кәріз жүйесін тазалауға және 35 млн теңге 18 елді-мекендегі жөндеу жұмыстарына бөлінген», - дейді басқарма хабарламасы.

Сонымен қатар, облыс инвестиция тартудан республика бойынша көшбасшы екені анық. Мұндағы инвестиция үлесі жалпы республиканың бестен бірін құрайды.

Осыған қоса, облыста ірі масштабты жобалар да қолға алынуда. Олар газхимиялық кешенінің  құрылысы, шет елдік инвестиция ағымына үлес қосатын «АНПЗ» ЖШС қайта қалпына келтіру жұмыстары. Айта кету керек, өңірге инвестиция тартуға басты құрал болып отырған Болашақ Кеңейту Жобасы (БКЖ) құрылысы бойынша келіссөздер де аяқталуға жақын.

Барлық жаңалықтар