- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда «Астана ЭКСПО 2017» ұлттық компаниясы» АҚ құрылады
Қазақстанда «Астана ЭКСПО 2017» ұлттық компаниясы» АҚ құрылады
«Бүгін біз «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын құру туралы Үкімет қаулысының жобасын қабылдап отырмыз. Компанияның 2013 жылдағы қызметі дайындық жұмыстарын жүргізуге бағытталады», -деді Экономикалық даму және сауда министрлігінің басшысы Ерболат Досаев Үкімет отырысында.
Министрдің айтуынша, қазіргі таңда Үкімет жұмысының ұйымдастырушылық схемасы жасалып қойды. Вице-премьер Қайрат Келімбетов бастаған Ұйымдастыру комитеті көрмені өткізудің негізгі бағыттары бойынша 8 жұмыс штабының жұмысын үйлестіретін болады.
«Сондай-ақ жақын күндері Ұлттық консультанттың кеңсесі құрылады. Астана әкімдігі өз кезегінде Қала нысандарын даярлау және жаңа құрылыстар салу жөніндегі дирекция құрады. «Нұрлы Астана» корпоративтік қорының жанындағы ЭКСПО-2017 көрмесін қолдау қоры да жұмысын жалғастырады.
Жалпы алғанда, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұлттық жоспардың іс-шараларының 90%-дан астамы 2013 жылға жоспарланған. Тіркеу құжаттары 2013 жылдың қазан айында Халықаралық көрмелер бюросының атқарушы комитетінде бекітілгеннен кейін Ұлттық жоспар 2014-2018 жылдарға арнап түзетілетін болады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы