• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ә.Гаджизаде: Қазақстан көптеген экспортерлердің ішінен мұнай бағасының төмендеуіне жақсы дайындалды

Ә.Гаджизаде: Қазақстан көптеген экспортерлердің ішінен мұнай бағасының төмендеуіне жақсы дайындалды

19 Қаңтар, 2016 11:26
Көптеген мемлекеттік-экспортерлерге қарағанда Қазақстанда мұнайдың төмендеуіне орай уақытылы ауқымды және толық стратегиясы жасалды, деп The Great Middle East жобасының жетекшісі, саясаттанушы Әли Гаджизаде Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтты.

«Иранның әлемдік мұнай нарығына келуі ұзақ уақыт бойы трейдерлерде дамокловты семсер ретінде болды, және ол орындалды.  2016 жылдың 16 қаңтарында Ираннан санкцияны шешті. Алайда Иранның келуі тез арада бағаны құлатады деп ойламаған жөн. Ол саясаттық, экономикалық және логистік факторлармен келісілген. Алайда мемлекеттер- мұнай экспортерлері әр түрлі сценарийлерді қарастыруда. Оның ішінде баррельі 20-25  долларлық мұнай бағасының төмендеу спенарийі. Бұл жоспарда Қазақстан шеттелген жоқ. Бірақ, көптеген экспортерлі мемлекеттерге қарағанда Қазақстанда уақытылы мұнай бағасының төмендеуіне нақты стратегия жасалған»,-деді сарапшы.

Оның айтуынша, Қазақстанда әлеуметтік сұрақтарға көп көңіл бөлінуде. Бұл өз жолында мемлекетімізге әлемдік дағдарыстан шығуға көмегін тигізеді.

«Мысалы, Қазақстанда мемлекет бюджет шығындарын қысқартуға шешім қабылданды. Ал басқа қырынан, 2016 жылдың 1 қаңтар айынан бастап бюджетниктірді қолдау мақсатында Қазақстанда мұғалімдердің жалақысы 28 %-ға көтерілді, медецина қызметкерлеріне-29 %, әлеуметтік қамтамасыз ету саласында жұмыс істейтін мамандарға-40 %. Қазақстан дағдарыс кезінде 2016 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасын жалғастыруды тоқтатпады. Бұл өз кезегінде  мыңдаған отбасыларға осы бағдарламаның жемісін көруге, екінші жағынан жаңа жұмыс орындарын жасауға көмегін береді»,-деді саясаттанушы.

Сарапшының ойынша, Қазақстандықтарда жаһандық экономикалық шындықты бейімдеуге барлық жағдай жасалған.

«Жалпы Қазақстанның дағдарысқа қарсы бағдарламасын іске асыру мақсатында  мемлекетті сапалы деңгейге шығаруға болады. Мұнайға деген бағаның төмендеуі ҚР Үкіметіне, бизнесмендері мен шетелдік инвесторларға басқа да бағыттарға көңіл бөлуге септігін тигізеді»,-деді А. Гаджизаде.

Данияр Қасымов

Сурет арнайы мұрағаттан алынды

Барлық жаңалықтар