• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мемлекет басшысы К.Мәсімов және Қ.Тоқаевпен мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы консультация өткізді

Мемлекет басшысы К.Мәсімов және Қ.Тоқаевпен мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы консультация өткізді

18 Қаңтар, 2016 17:10
Қазақстан Презиенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов және Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевпен консультация өткізді. Кездесуге Президент Әкімшілігінің басшысы Нұрлан Нығматулин де қатысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Консультация барысында кезектен тыс Парламент сайлауын өткізу туралы Мәжіліс депутаттарының бастамасы қаралды. 

Қазақстан Президенті бұл бастама қазақстандықтар арасында кеңінен қолдау тапқанын және мемлекет жүзеге асырып жатқан терең реформалар мен әлемдік нарықтағы ахуал тұрғысынан өзекті болып отырғанын атап өтті.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы бастаманың Мәжіліс пен мәслихат сайлауын біріктіруге, қаржылық және ұйымдастырушылық шығыстарды оңтайландыруға мүмкіндік беретініне назар аударды.

Қ.Тоқаев кезектен тыс сайлау өткізу жөніндегі бастама дер кезінде көтерілгенін, өйткені Мәжіліске бүгінде ел алдында тұрған міндеттерді нақты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа мандатын алу қажет екенін айтты. 

Барлық жаңалықтар