• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанның фосфорит кен орнын игеру жобасы РФ мен ҚР-ның үкіметтік делегациясына таныстырылды

Қазақстанның фосфорит кен орнын игеру жобасы РФ мен ҚР-ның үкіметтік делегациясына таныстырылды

11 Қараша, 2013 16:15
Екатеринбургтегі Қазақстан мен Ресей өңіраралық әріптестігінің X Форумы барысында «ЕвроХим» минералды-химиялық компаниясы Қазақстанда жасалатын жаңа жобасын ҚР Индустрия және жаңа технологияларының бірінші вице-министрі Альберт Рау мен РФ Өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуровтың назарларына ұсынды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

«Аталмыш жоба Қазақстанның Жамбыл облысындағы тау-кен және химиялық кешені құрылысын қамтиды. Құрылыстың бірінші кезеңде «ЕвроХим» компаниясы тау-кен кешеніне 120 млн доллар инвестиция құймақ.

2013 жылы компаниясы Көк Жон кен орнында бұрғылау-жару жұмыстарына кірісті. Ал 2014 жылы Жаңатас қаласындағы фосфор кәсіпкерлігі өндірісін қолға алмақшы. Зауыттың өндірістік қуаттылығы жылына 640 мың тоннаға есептелген», - делінген хабарламада.

«ЕвроХим-Тыңтайтқышы»  ресей-қазақстан жобасы – екі елдің өзара пайдалы әріптестігінің жарқын мысалы. Қазақстандық тарап үшін аталмыш жобаның іске асуы республикадағы минерал тапшылығы мәселесінің түйінін шешіп, еліміздегі ауылшаруашылық өнімдерінің шығымын арттыруға мүмкіндік бермек. «ЕвроХим» компаниясының қызметі Жамбыл облысындағы, атап айтсақ компанияның кәсіпкерлігі құрылатын Қаратау мен Жаңатас қалаларындағы әлеуметтік-экономикалық сипаттағы кешенді түйіткілдердің түйінін тарқатпақ. Осыған орай кәсіпкерлікпен қатар қызмет көрсету саласында да бірнеше мың жаңа жұмыс орны ашылады деп  күтілуде. Сонымен қатар, аталмыш компания өңірдің инфрақұрылымын дамытуға да мол көмегін тигізбек. Осы мақсатта әлеуметтік қорғау нысандарының құрылысы мен жөнделуіне де қаржы құймақ», - дейді баспасөз қызметі.

Компания кешенінде өндірілетін тау-химиялық өнім қазақстандық ішкі нарыққа басымдылық береді. Сонымен қатар,  Ресей мен өзге шет елдерге де тасымалданбақ.

 

 

 

Барлық жаңалықтар