• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Бас прокуроры мен Канада Елшісі қылмыспен күрес саласындағы ынтымақтастықты талқылады

ҚР Бас прокуроры мен Канада Елшісі қылмыспен күрес саласындағы ынтымақтастықты талқылады

18 Қаңтар, 2016 20:09
Бас Прокурор Асхат Дауылбаев Қазақстан Республикасындағы Канаданың Төтенше және Уәкілетті Елшісі Шон Стайлмен кездесті, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Кездесуге қатысушылар екіжақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелері бойынша, ең алдымен, ұйымдасқан трансұлттық қылмыспен күрес және  шарттық-құқықтық базаны кеңейту аясындағы пікірлерімен бөлісті.

А.Дауылбаев Канада Елшісін Қазақстан Бас прокуратурасы қызметінің негізгі бағыттары туралы ақпараттандыра отырып, халықаралық байланыстың екіжақты және көпжақты нысандағы кеңеюі еліміздің прокуратура органдары қызметінің басты бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Сонымен қатар, ол заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі қабылданып отырған шаралар, ұлттық заңнамадағы өзгерістер туралы айтты.

Барлық жаңалықтар