- Басты
- Жаңалықтар
- Г.Әбдіхалықова белгілі мәдениет және өнер қайраткерлеріне 2015 жылғы президенттік және мемлекеттік стипендияларды табыс етті
Г.Әбдіхалықова белгілі мәдениет және өнер қайраткерлеріне 2015 жылғы президенттік және мемлекеттік стипендияларды табыс етті
Рәсімді ашқан Мемлекеттік хатшы қатысушыларды құттықтап, президенттік және мемлекеттік стипендиялар отандық мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлестері үшін берілген баға екенін атап өтті.
Г.Әбдіқалықова жалпыұлттық құндылықтарды нығайтудың жетекші күші болып саналатын зиялы қауымның рөлі туралы айтқан Мемлекет басшысының сөзіне қатысушылар назарын аударды. Мемлекеттік хатшы мәдениет қайраткерлерінің идеялары мен ой-пікірлері, шығармалары халықтың рухани қазыналарын, оның бай әрі төлтума өнерін сақтауға және еселеуге бағытталуы тиіс екенін атап өтті.
Стипендиялар Қазақстан Республикасының құрметтi атақтары мен мемлекеттiк наградаларын иеленген мәдениет және өнер қайраткерлеріне мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында, сондай-ақ айрықша дарынды шығармашыл жастарға Қазақстанның мәдениетін қалыптастыруға, сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін берiледi.
Отандық мәдениетті дамытуға қосқан маңызды үлесі үшін әдебиет пен өнердің 100 қайраткеріне стипендия тағайындалды. Стипендияға ие болғандар қатарында О.Сүлейменов, М.Жолдасбеков, С.Досанов, Б.Төлегенова, Е.Хасанғалиев, В.Толоконников, А.Әшімов, Ю.Померанцев, Ш.Мұртаза, Ә.Тарази, А.Молодов сияқты майталмандар бар.
Сонымен бірге, мемлекеттік қолдау Ж.Мақажанова, С.Мәдиев, Ә.Ахметов, Қ.Омаров, Е.Рысқали және басқа да жас дарындарға көрсетілді.
Кездесу Қазақстан мәдениеті мен өнерін дамытудың өзекті мәселелерін талқылаумен аяқталды. Мемлекеттік хатшы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы негізінде Болашағы біртұтас ұлт қалыптастырып жатқан Қазақстан халқының игілігін, абыройы мен ар-ұжданын паш ететін терең мазмұнды жаңа шығармаларға арқау болады деп үміттенетінін жеткізді.
Алматыға жұмыс сапары аясында Г.Әбдіқалықова Қазақстан Жазушылар одағының басшылығымен де кездесіп, республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінің, «Жұлдыз» және «Простор» журналдарының редакцияларын аралап көрді.
Еліміздің қаламгерлерімен әңгімелесу барысында Қазақстанда әдебиетті насихаттау, көркемдігі жоғары шығармаларды туғызу, сонымен бірге Қазақстанның рухани-мәдени саласын одан әрі дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.
Кездесу соңында ҚР Мемлекеттік хатшысы шығармашыл зиялы қауым өкілдерінің «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыруға, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өтетін мерекелік іс-шараларға белсене қатысатынына сенім білдірді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді