• Басты
  • Жаңалықтар
  • М.Бейсембаев: Заң шығарудың қызметтік әдісін өзгерту туралы шешім уақытылы жасалды

М.Бейсембаев: Заң шығарудың қызметтік әдісін өзгерту туралы шешім уақытылы жасалды

18 Қаңтар, 2016 17:08
Құрамды жаңарту мен заң шығару қызметінің қарым-қатынасын өзгерту туралы шешім тиісті және уақтылы шешім болып табылады, деді «Даму» «Кәсіпкерлерді дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мирас Бейсембаев.

«Парламентті ауыстыру жұмыстарының саяси жүйесі, мемлекет пен қоғам дамуының жағдайына байланысты.Егер бүгіндері заң шығару қызметінің жаңа тәсілдеріне әділеттілік қажеттілігі туындаса, онда құрамды жаңарту бастамасы дұрыс бағыт болып келеді»,-деді М. Бейсембаев.

Жалпы, төраға орынбасарының айтуы бойынша, мерзімнен бұрын сайлауды өткізу шешімі халық сенімі, яғни қай бағытта жол алғанымыздың кепілі.

«Елімізде қиын жағдайлар туып жатқан кезде, өкіметте отырған адамдарға сеніммен қарау керек. Сол себепті, бүгінгі күні халық үшін өкімет басынды кімдерді көргілері келеді және кімге сенетіндіктерін айту мумкіндігі түсті»,-деді ол

Индира Қауметова

Сурет Кеден ақпараттық порталының сайтынан алынған 

Барлық жаңалықтар