- Басты
- Жаңалықтар
- Мәскеуде Елбасының «Ұлт жоспары – Қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласы талқыланды
Мәскеуде Елбасының «Ұлт жоспары – Қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласы талқыланды
Мәскеудегі "Болашақ" халықаралық бағдарламалар орталығының өкілдігі дөңгелек үстелді Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің жәрдемімен ұйымдастырды.
Іс-шараға мәскеулік жоғары оқу орындарының профессорлары мен сабақ берушілері, ресейлік ғалымдар мен сарапшылар, қазақстандық студенттер, аспиранттар, докторанттар және "Болашақ" бағдарламасының стипендия иегерлері қатысты.
Дөңгелек үстелдің жұмысын бастап ашқан Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің кеңесші-уәкілі Виктор Темірбаев Мемлекет басшысының аталмыш мақаласын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жасаған "Қазақстан жаңа жаһандық шындығында: өсім, реформалар, даму" атты жолдауының негізгі ережелерін одан әрі дамыту бойынша ел жаңғыртуының және бес институционалды реформаларының "жол картасы", тіпті оларды іске асырудың нұсқаулығы ретінде алып пайдалануға болады деп айтты.
"Президент өз мақаласында Болашақ біртұтас ұлт – елдің басты мақсаты, бес институционалды реформаларының дәл мәнісі дегенді жеткізуде. Қазақстан халқы ассамблеясы және "Мәңгілік ел" атты жалпыұлттық идеясы болашақ біртұтас ұлтының екі іргелі негіздері ретінде белгіленді", – деді В.Темірбаев.
Дипломаттың айтуынша, "мақала әдіснамалық тұрғысынан жүйеге келтірілген және онда Елбасы қазақстандық арманына жетуінің нақты бағыттарын белгілеумен шектелмей қоймай, айтылған реформаларға сенім білдірген халықтың үмітін ақтау бойынша нақты тетіктерді көрсетіп өтті. Мемлекет басшысы Ұлт жобасын іске асыру жолында жасалған жұмыс туралы толық айтып берді". Ол, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап елде 59 жаңа заңдар күшіне еніп, бес институционалды реформаларды жүзеге асыру бойынша Ұлт жобасының нақты орындалуы басталғанын еске салып өтті.
Жоғары экономика мектебінің Мемлекеттік және муниципалды басқармасы институты директорының орынбасары, Тәртіпаралық зерттеулер орталығының директоры Владимир Королев атап өткендей, еліміз кейінен бүкіл ТМД кеңістігі мемлекеттері арасында үлгі ретінде тарайтын маңызды бастамаларды жие ұсынуда. Оның айтуы бойынша, мақалада қазіргі заманның қыр-көрсетулеріне және қауіп-қатерлеріне жол бермеудің кешенді шаралар көрсетілген, елді жаңғырту жолындағы мемлекеттік органдарының іскерлік және азаматтық қоғамдарымен бірлескен жұмысының тәртібі белгілінген.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді