• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Сәбитов: ҚР Парламент Мәжілісінің құрамына тәжірибелі және жұмыс жасаушы құрам қажет

А.Сәбитов: ҚР Парламент Мәжілісінің құрамына тәжірибелі және жұмыс жасаушы құрам қажет

18 Қаңтар, 2016 15:51
Дүниежүзілік экономикалық жағдай, геосаяси тұрақсыздық біздерге нақты шараларды қолдануға итермелейді. ҚР Парламент Мәжілісінің құрамына тәжірибелі және әрекетті құрам қажет, деп ҚР төмеңгі палата Парламенті депутаттарының Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихаттарда мерзімнен бұрын сайлауды өткізу бастамасн сөзге ала отырып, «Қазақстан жастар конгресі» ЗТБ атқарушы директоры Айдын Сәбитов Strategy 2050.kz берген сұхбатында айтып өтті.

«Менің ойымша, елдерде экономикалық жағдайды бақылау кезінде аталмыш шара міндетті түрде қажет. Ал Парламентке жаңа күш, халық өкілдерінің жаңа топтамасы қажет. Оның айтуынша, «Қазақстан жастар конгресі» бұл бастамаға қолдау көрсетеді.

«Әлемдік экономикалық жағдай, геосаяси тұрақсыздық  бізге нақты шешім қабылдауға итермелейді. Менің ойымша, қазіргі күні әлем көз алдымызда өзгеруде. Оған тез арада төтеп беруіміз қажет. Мәжілістің құрамын жаңарту қажет. Егер жаңа құрам жас әрі тәжірибелі болса, жұмыста мобильді, тез және серпінді іске асатын болады»,-деді А.Сәбитов.

Оның айтуынша, ұйымның әрбір қадамы-ол жастар саясаты мен ұрпағының дамуына үлесін қосады.

«Жастар- Қазақстанның төрттен бір бөлігі. Біздің жобалар Ұлт жоспарымен тығыз байланысты. Барлық Қазақстан бойынша 100-ден астам жастар ұйымы Қазақстан жастар конгресінің мүшесі болып келеді»,-деді ол.

Ботагөз Айтжанова

Фото: ortcom.kz

Барлық жаңалықтар