- Басты
- Жаңалықтар
- Сенатта ҚР мен ХҚҚД банкі арасындағы қарыз туралы келісімнің ратификациясы қаралады
Сенатта ҚР мен ХҚҚД банкі арасындағы қарыз туралы келісімнің ратификациясы қаралады
Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев және Бюро мүшелері қабылдаған Қаулыға сәйкес, депутаттар назарына «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру жөніндегі жоба) ратификациялау туралы» заң жобасы шығарылады.
Сондай-ақ сенаторларды халықаралық парламенттік ұйымдарға және Сенаттың шет мемлекеттердің парламенттерімен ынтымақтастық жөніндегі топтарына жіберу туралы мәселені талқылау жоспарланып отыр. Бюрода жұмысқа қабылданатын үш заң жобасы бойынша бас комитеттер белгіленді.
Қаржы және бюджет комитетіне «Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салыққа қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы белгіленді.
«Қазақстан Республикасы мен Үндістан Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетіне берілді.
Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі (энергия тиімділігін арттыру және жастар корпусын дамыту бағдарламасы үшін бір донордың Траст қоры әкімшісі ретінде әрекет етуші) арасындағы Грант туралы келісімді (Жастар корпусын дамыту жобасы) ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша бас комитет болып белгіленді. Бұл заң жобалары бойынша тиісті қорытындылар әзірлеу мерзімі 2016 жылғы 29 ақпанға дейін болып белгіленді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері