• Басты
  • Жаңалықтар
  • 90 пайыз қазақстандық Мемлекет басшысының бiлiм беру мекемелерiнiң материалдық-техникалық базасына қатысты сынын қолдайды

90 пайыз қазақстандық Мемлекет басшысының бiлiм беру мекемелерiнiң материалдық-техникалық базасына қатысты сынын қолдайды

11 Қараша, 2013 15:25
90 пайыз қазақстандық Мемлекет басшысының бiлiм беру мекемелерiнiң материалдық-техникалық базасына қатысты сынын қолдайды, деп «Демократия институты» ҒЗҚ» директоры Юлия Кучинская ОКҚ-нің баспасөз отырысында мәлімдеді.

«Сауалнама қазақстандықтардың 98%-ын Үкiметтiң кеңейтiлген отырысы барысында Мемлекет басшысы көтерген мәселелердiң барлығы толғандыратынын көрсеттi. Сауалнамаға қатысқандардың 92%-ы барлық қабылданған мемлекеттiк бағдарлмаларды тексеру және жеке бағдарламалар бойынша қаржының игерiлмеуi турасындағы ескертпесiмен келiседi»,- деп атап өттi ол.

Бюджеттiң толық игерілмеуі, мемлекет қаржысының бей-берекет жұмсалуына қатысты сынды қазақстандықтардың 94%-ы әдiл деп есептейдi. Яғни, бұдан халық бюрократияны өз басынан кешiп отырғандығы байқалады.

Мемлекет басшысының бiлiм беру мекемелерiнiң материалдық-техникалық базасына қатысты сынын азаматтардың 90%-дан астамы толығымен қолдайды. Нақты айтқанда, бұл ретте бiлiм беру саласындағы кәсiби кадрлардың жетiспеушiлiгi мәселесi сөз болып отыр.

«Сауалнамаға қатысқандардың 96%-ы еңбекке қабiлеттi азаматтарға әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiгiн дұрыс деп санаса, 93%-ы «Жұмыспен қамту жол картасына» қатысты айтылған сынмен келісетінін жеткізді. Сауалнама соңында респонденттерге «Үкiмет жұмысына қаншалықты көңiлiңiз толады?» деген сұрақ қойылды. Өкiнiшке орай, оған көбiнесе «қанағаттандырмайды» деген жауап берiлдi»,- деп түйiндедi ол.

 

Барлық жаңалықтар