2016 жылы «Даму» қоры ХҚҰ-дан 65 млрд теңге тартуды жоспарлауда

18 Қаңтар, 2016 13:16
Қор алдында мына мақсаттар тұр: 2016 жылы Үкіметтің дағдарысқа қарсы жоспары аясында Дүниежүзілік банктан 30 млрд теңге, Азия банкінен 30 млрд теңге, ЕҚДБ-дан 5 млрд теңге алады. деді ОКҚ брифингi барысында «Даму» Кәсiпкерлiктi дамыту қоры» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

 « 2015 жылы қыркүйекте «Даму» Қоры кепілдемесі бойынша Еуропа Реконструкция және Даму Банкінің  (ЕРДБ) «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасы үшін ұсынған 3,7 млрд. теңге қарызы ЦентрКредит Банкке бөлінді», - деді ол.

2015 жылы желтоқсанда Еуропа Реконструкция және Даму Банкімен арада жасалған келісім бойынша, ЕРДБ үкіметтің қатысуынсыз, тек Қордың корпоративтік кепілдемесі негізінде біздің отандық банктерге қаржы бере алады. ЦентрКредит банк қазірдің өзінде 18,5 млрд теңге көлемінде қаржы алып үлгірді.

2016 жылдың 1 қаңтардағы  ахуал бойынша, Халықаралық Қаржы Ұйымдары қаражаты есебінен 367 қарызгер  12,6 млрд. теңгеге қаржыландырылды.

 

Барлық жаңалықтар