- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҚК-нің әскери ұшқыштарына арналған арнайы тренажер стратосфера биіктігінде ұшуды қайта жаңғыртуда (ФОТО)
ҚР ҚК-нің әскери ұшқыштарына арналған арнайы тренажер стратосфера биіктігінде ұшуды қайта жаңғыртуда (ФОТО)
ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің авиациялық медицина зертханасы ұшу оқу орындары курсанттары және ұшу құрамының 5000 – 6000 метр биіктікке дейін сараптамалық көтерулері үшін арналған. Ұшу биіктігіне көтерілуді елестете отырып, ұшқыштарды медициналық куәландыру үдерісінде биікке ұшу факторының бірі ретінде өттегінің жетіспеушілігінің байыпты дәрежесіне жеке түрде шыдауға сынамадан өткізуде.
Барокамералардың көмегімен экипаждардың жерүсті психофизиологиялық дайындығы шеңберінде 5000 – 6000 және 13 500 метрге таныстыру көтерулерін, 3000 – 5000 метр биіктікке дейін жаттықтыру немесе емдеу-қалпына келтіру көтерілулерді өткізуге болады. Бүгінгі күні гипобариялық барокамера гипоксияға төтеп беру және бірқатар ауру-сырқауды емдеуді бағалау үшін қолданылатын Қазақстандағы бірден-бір жабдық болып табылады. «Ол авиациялық мамандардың, әсіресе, ұшқыштардың ұшу факторларына тұрақтылығын арттыруға, жұмыс қабілеттілігін жақсартуға мүмкіндік береді.
Себебі, ұшулар ұшқыштар үшін теріс сипаттағы бірқатар факторлармен ұштасады. Бұл жоғары жүйке-эмоционалдық ұшу жиілігі, оттегінің жетіспеушілігі, қоршаған температура мен барометриялық қысымның тербелісі, діріл, шуыл, иондалған және электр магниттік сәулелену мен токсинді заттар», - деп атап өтті барокамера бастығы, жоғары санатты дәрігер-терапевті, отставкадағы медициналық қызметінің полковнигі Виктор Милютин. Әскери авиация ұшқышының жұмысы адамның еңбегінің анағұрлым күрделі түрінің біріне жатады. Ол ұшу режімінің өзгеруіне ұдайы әзірлік жағдайында экстремалды, дене тұрғысындағы және психикалық факторлар кезінде үш өлшемді кеңістікте, ал қажет болған жағдайда ұшу аппаратын қалдырып кетуде орындалады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі