- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында 5000 басқа арналған мал бордақылау кешені ашылады (ФОТО)
Жамбыл облысында 5000 басқа арналған мал бордақылау кешені ашылады (ФОТО)
Сондай-ақ, Меркі ауданында «Агростан» ЖШС-нің Малайзиялық кәсіпкерлермен бірге, Жаңа Зеландиялық жоба негізінде салған 3000 басқа арналған бордақылау кешені ашылды.
Атап өтсек, 2015 жылдың 11 айында облыс бойынша мүйізді ірі қара саны өткен жылдың осы мезгілімен салыстырғанда 1,1% артса, қой мен ешкі –1,2% өсті, жылқы –2,1% артса, түйе саны - 3,4% артты, шошқа саны - 10,4% артты.
Жалпы облыста МІҚ-ға арналған бордақылау кешендерінің құрылу жоспары 126,9% орындалды.
Өңірде 92,5 мың тонна ет өндірілді. 273,4 мың тонна сүт сауылды. 109,2 млн. дана жұмыртқа өндірілген.
Жамбыл облысының ауыл шаруашылығында мал басы саны да артып келеді, сонымен қатар асыл тұқымды мал да артқан.
Мал басы саны артуы негізінен мал бордақылау кешендерінің кезең-кезеңімен қайта жаңарып құрылуына, диқан және жеке шаруа қожалықтарының, кішігірім ауылшаруашылық құрамдардың арқаларында жеткен. Шаруашылық техникамен жабдықтану жетіліп барады. Асыл тұқымды малдың үлесі де жоспарлы дамып бара жатыр.
Сонымен бірге, өңірде "Сыбаға", "Құлан", "Алтын асық" мемлекеттік бағдарламалар да ойдағыдай орындалып жатыр. «Сыбаға» бағдарламасы аясында 4 042 аналық бас сатып алынып, жоспар 100,9% орындалды. Ал, «Құлан» бағдарламасы арқылы 2 317 бас жылқы сатып алынып, жоспар 115,9% орындалды. «Алтын асық» бағдарламасы аясында 24 918 бас асыл тұқымды қой сатып алынып, жылдық жоспар 155,7% орындалды.
Облысымыздың мал шаруашылығы аграрлық сектордың негізгі саласы болып табылады. Осы істің дамуынан және жағдайынан халықтың әл-ауқаты деңгейіне байланысты, өнірдің өз ауыл шаруашылық өнімдерімен, ең алдымен ет және сүт өнімдерімен қамтамасыз ету.
-
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
А.Тұрмұхамбетова: Сапасыз жүргізілген сауалнамалар университеттердің беделіне нұқсан келтіреді -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады