• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Эйр Астана» 2016 жылдың маусым айынан бастап Тегеран және Алматы қалалары арасында тікелей әуе қатынастарды орнатылатын болады

«Эйр Астана» 2016 жылдың маусым айынан бастап Тегеран және Алматы қалалары арасында тікелей әуе қатынастарды орнатылатын болады

19 Қаңтар, 2016 11:42
Тегеранда «Эйр Астана» әуе компаниясының Қазақстан мен Иран арасында тұрақты тура әуе қатынастарының жүргізуі жөніндегі келісім-шартқа қол қойылды, деп хабарлады СІМ.

Аталған құжатқа сәйкес, «Эйр Астана» әуе компаниясы 2016 жылдың маусым айынан бастап Тегеран және Алматы арасында жиілігі аптасына 3 рет тура әуе қатынастары орнатылатын болады.

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Талғат .Ластаев және «Эйр Астана» әуекомпаниясы Президентінің орынбасары Ербол .Оспанов басқарған қазақстандық делегация Иранның авиациялық басқарушы ұйымымен жақын арада Тегеран және Астана арасында тікелей әуе қатынасының ашылуы жөнінде келіссөздер өткізді. Қазіргі уақытта, ирандық «Махан Эйр» әуе компаниясы Тегеран және Алматы қалалары арасында аптасына 2 рет ұшуда.

ҚР Ирандағы Елшісі Бағдад Әміреев аталған құжат 2015 ж. 14 шілдедегі Вена қаласында ирандық ядролық бағдарлама бойынша Бірлескен әрекеттер жоспарынының бекітілуіне Қазақстан үлес қосқан уағдаластыққа сәйкес Иранға қолданылған халықаралық және біржақты санкциялардың тоқтатылуынан кейінгі Иранның шетелдік мемлекеттермен қол қойған ең бірінші құжаты болып табылатынын атап өтті. 

 

Барлық жаңалықтар