• Басты
  • Жаңалықтар
  • «БЖК 2020» аясында «Даму» қоры 206 млрд теңгеге 1600-ге жуық компанияға қолдау көрсетті

«БЖК 2020» аясында «Даму» қоры 206 млрд теңгеге 1600-ге жуық компанияға қолдау көрсетті

18 Қаңтар, 2016 12:43
2015 жылы қазақстандық кәсiпкерлерге 260 млрд теңге субсидия берілді. Бұл туралы шағын және орта бизнес саласын қолдау шараларына арналған ОКҚ брифингi барысында «Даму» Кәсiпкерлiктi дамыту қоры» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мәлiмдедi.

«Наурыз айында «Бизнестiң жол картасы – 2020» бизнестi қолдаудың бiрыңғай бағдарламасының қабылдануы 2015 жылы шағын және бизнес саласын мемлекеттiк қолдаудағы басты жаңалық болды. Осы бағдарлама аясында бiз 1595 компанияға қолдау көрсеттiк. Оларға несие портфелiнiң жалпы сомасы – 260 млрд теңге субсилия берілді», - деді ол.

«Басым көпшiлiгi – ауыл кәсiпкерлерi. Бизнес саласының мамандары 14 пайызбен несие алса, оның жылдық 10 пайыз көлемiндегi қаржысы субсидияланды. Осылайша, кәсiпкерлер 4 пайызды ғана төлеп отыр», - дейдi ол.

Оның айтуынша, Астана қаласының жанындағы Қосшы ауылында «Сапа су» компаниясы темiр бетон шығаратын цех ашып, 50- ге жуық адамды жұмыспен қамтыған. Сондай- ақ, ол Қазақстанның басқа да өңiрiндегi кәсiпорындарды мысалға келтiрдi.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар