• Басты
  • Жаңалықтар
  • Т. Дүйсенова және М. Комри әлеуметтік салада ынтымақтастық орнату жөнінде келісті

Т. Дүйсенова және М. Комри әлеуметтік салада ынтымақтастық орнату жөнінде келісті

18 Қаңтар, 2016 12:36
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (бұдан әрі - ЭЫДҰ) қатысушы елдердің жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрлерінің Парижде өткен кездесуі шеңберінде өткен екі жақты келісімнің нәтижесінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметік даму министрі Тамара Дүйсенова және Францияның Еңбек, жұмыспен қамту, кәсіби дайындық және әлеуметтік диалог министрі Мириам Эль Комри әлеуметтік салада ынтымақтастықты жандандыру жөнінде Меморандумға қол қоюға келісті.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі  хабарлағандай,  тараптар қызмет көрсету саласында мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыруда тәжірибемен бөлісуге келісті

Естеріңізге саламыз, Парижде өтіп жатқан жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрлерінің кездесуінде әлемнің 42 елінің өкілдері қатысуда.

Барлық жаңалықтар