• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандағы реформаларды өткізу үшін жаңартылған Мәжіліс құрамы қажет – Е.Нұрғалиева

Қазақстандағы реформаларды өткізу үшін жаңартылған Мәжіліс құрамы қажет – Е.Нұрғалиева

18 Қаңтар, 2016 11:18
Қазақстандағы реформаларды өткізу үшін жаңартылған Мәжіліс құрамы қажет, деді «Еуразиялық құқық қорғау орталығы» қоғамдық қорының президенті Еңлік Нұрғалиева Мәжілістің мерзімінен бұрын сайлауын өткізу туралы пікірінде.

 «Мен Парламент Мәжілісінің сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы жасалған ұсынысты қолдаймын. Мұның бірнеше себебі бар, біріншіден, халықаралық жағдайды білеміз. Әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында, әрине, халықаралық аренада жаһандық негізгі ойыншылардың арасындағы текетірес ушығып отыр. Сондай-ақ Қазақстанға деген геосаяси қызығушылық өте жоғары, сондықтан еліміз уақытты текке жібермеу үшін тезірек жаңа заңды Парламент құруымыз қажет», - дейді қоғамдық қор жетекшісі.

Оның айтуынша, екі сайлауды бірге өткізіп жіберсек, тағы да бюджеттік қаражатты үнемдейміз. Сондықтан жаңа парламентті сайлау Президенттің бес институционалдық реформасы мен "100 нақты қадам" Ұлт жоспарын жүзеге асыруға қуатты қарқын береді.

«Мәжілістің қазіргі құрамы тарихи миссиясын орындады. Олар 80 заңнамалық акт қабылдады, оның ішінде 59  жедел тұрғыда қабылданды. Депутаттар ауқымды іс атқарды, олар өте күрделі режимде ең бек етті. Егер біз 2016 жылдың соңына дейін күтетін болсақ, ол маңыздылығын жоғалтып та алуы мүмкін. Бізге жедел түрде реформалар жүргізу қажет», - деді ол.

Анар Тәңірқұлова

Фото: ortcom.kz

Барлық жаңалықтар