• Басты
  • Жаңалықтар
  • Бұхаресте Қазақстан- Румын екіжақты сауда-өндірістік палатасы өз жұмысын бастады

Бұхаресте Қазақстан- Румын екіжақты сауда-өндірістік палатасы өз жұмысын бастады

18 Қаңтар, 2016 13:41
Бұхаресте Қазақстан Елшілігінің көмегімен Румын Республикасының сауда-өндірістік палатасында Қазақстан- Румын екіжақты сауда-өндірістік палатасының алғашқы отырысы өтті, деп хабарлады СІМ.

Шара аясында жаңарған палатаның басқармасы мен құрылымы анықталды. Оның жетекшісі болып Қазақстанның құрметті консулы, экологияның бұрыңғы министрі, румын кәсіпкері Петру Лифичиу тағайындалды.

Палатаның негізгі мақсаты екі елдің іскер ортасы саласында ынтымақтастық пен диалог орнату. Экономикалық жобаларды жүзеге асыруға көмек көрсету.

Румын ӨКП президенті Михай Дарабан ұйымның қызметі екі елдің кәсіпкерлік саласында іскерлік ынтымақтастықты дамытудың негізгі құралы болатынын айтты.

Румыниядағы Қазақстан елшісі Дәулет Батрашев румын бизнесінің ынтымақтастықты дамытудағы қызығушылығын айта отырып, Румыния компанияларын Қазақстандағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға шақырды. 

Барлық жаңалықтар