Ақмола облысында 2015 жылы 800 кг астам алтын өндiрілді

18 Қаңтар, 2016 12:19
Шортанды ауданының Жолымбет елді мекеніндегі «Қазақалтын» ТМК алтын өндiру көлемiн арттыруда, деп хабарлады облыс әкімдігі.

«Қазақалтын» ТМК бас директоры Е.Балашовтың айтуынша аталмыш мекемеде модернизациялау тұрақты түрде жүргiзiлуде. 2014 жылы осы бағытқа 421,4 млн. теңге, 2015 жылы — 650,2 млн. теңге жұмсалған. Жалпы жаңа орындарды барлау және ашу жұмыстарына 2015 жылы 1,2 млрд. теңге бағытталыпты.

2015 жылы кәсiпорын 800 кг астам алтын өндiрген. Осыған сәйкес өнiм көлемi өткен жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 1,6 млрд. теңгеге артқан. Жұмысшылар саны 850 мыңнан 1100 адамға дейiн көбейiп, олардың жалақылары да 95 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейiн өскен.

Өңiр басшысы кәсiпорынның жұмысымен танысып болғаннан кейiн, осы жерде орналасқан «Той Дастархан» ЖШС асханасына да бас сұқты. Асхана басшысы Елены Демьянованың айтуынша жаңа әлеуметтiк нысандағы кешендi таңғы ас құны 220 теңге, түстiк ас — 550 теңге, ал кешкi ас құны — 330 теңгенi құрайды екен.

Облыс әкiмi кәсiпорын алаңқайларын қарап, жалпы жұмысқа оң бағасын бердi және мекеме басшыларын мүмкiндiгiнше мемлекеттiк жеке әрiптестiк аясында әлеуметтiк нысандарды салуға немесе осы ауданда орналасқан дәрiгерлiк-әлеуметтiк мекемелердi жөндеуге қатысуға шақырды.

Барлық жаңалықтар