• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР ИДМ жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қолдау мақсатында дағдарысқа қарсы кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастырады

ҚР ИДМ жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қолдау мақсатында дағдарысқа қарсы кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастырады

18 Қаңтар, 2016 11:34
ҚР ИДМ жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қолдау мақсатында қазіргі заңнама аясында дағдарысқа қарсы кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастырады, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрлігі.

Оның ішінде KEGOK қызметіне, Магистральды теміржол желісіне уақытша төмендетілген коэфицент ұсыну, электр қуатына жеңілдетілген тариф белгілеу, үшінші елдерден әкелінетін өнімдерге баж салығын төмендетуге ықпал ету. 2016 жылы Министрліктің өнеркәсіпті қолдау саласындағы күш-жігері үш бағыттағы жұмыстарға негізделеді: ірі жаңа жобаларды жүзеге асыру (оның ішінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды модернизациялау); жаһандық дағдарыс жағдайында  жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды тікелей қолдау; отандық индустрияда бәсекелестікті арттыру үшін жүйелі жағдай жасау.

Айта кетейік, кәсіпорындармен тиімді жұмыстың арқасында өнімді өткізу, ұлттық компаниялардың, жер қойнауын пайдаланушылар және жүйеқұраушы кәсіпорындардың  сатып алуда жергілікті мазмұнды арттыруы, көліктік шығындарды төмендету, өнімді экспорттауда салықтық-кедендік ынталандыру, электр қуатына жеңілдетілген тарифтер ұсыну мәселелері шешілді. Негізгі металлургиялық кәсіпорындар («АрселорМитал Теміртау» АҚ, «KSP Steel» ЖШС, «ССГПО» АҚ, «Кастинг» ЖШС және «Ferrum-Vtor»ЖШС) қара металлмен қамтамасыз етілді.

Отандық бизнесті қолдаудағы маңызды істердің бірі  жергілікті мазмұнды дамыту аясында Министрлік жүргізген нақты шаралар:аймақтардағы өткізілген көшпелі кеңес-форумдар аясында құны 1,4 трлн. теңге болатын 928 меморандум жасалып, жалпы құны 1,3 трлн. теңгенің 26 мыңнан астам келісіміне қол қойылды. Осылайша,  меморандумның орындалуы 96,1% болды.

Барлық жаңалықтар