• Басты
  • Жаңалықтар
  • М.Кимягаров: Мәжілістің мүшелерін жаңарту – алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажет қадам

М.Кимягаров: Мәжілістің мүшелерін жаңарту – алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажет қадам

17 Қаңтар, 2016 19:23
Парламент Мәжілісінің сайлауын мерзімінен бұрын өткізу елдің стратегиялық жоспарларын жүзеге асыруға тез арада кірісіп кетуіне мүмкіндік береді, деді Ресей мен Орталық Азия тумаларының халықаралық мәдени орталығының төрағасы Мордехай Кимягаров, бұл туралы 24.kz. телеарнасы хабарлады.

Мордехай Кимягаров айтқандай,  бұл Қазақстанның тұрақтылықты сақтап қалып, одан әрі нығайтуына жағдай жасайды.

«Мен парламенттік сайлауды мерзімінен бұрын өткізу туралы шешім қабылданғаны өте дұрыс деп санаймын. Өйткені Қазақстанның алдында өте үлкен стратегиялық жоспарлар тұр. Және осындай әлемдік дағдарыс кезінде Қазақстан аяғын нық басып, болашағына сеніммен қарап тұрғанын айта кеткім келеді. Оның маңызды әкімшілік шараны осы көктемде өткізіп, жаңа да мықты құраммен ел алдында тұрған маңызды міндеттерді орындауға сеніммен кірісіп кетпек ойы өте құптарлық», - деді ол. 

Фото: 24.kz

Барлық жаңалықтар