- Басты
- Жаңалықтар
- Жаңа реформалар дәуірі
Жаңа реформалар дәуірі
Бүгінгі Қазақстандағы жағдай аталмыш дәйексөздің Ұлт көшбасшысының басты ұстанымдарының біріне айналғандығын көрсетті. Әлемдегі барлық елдер сынды Қазақстан да жаңа экономикалық жағдайға душар болып отыр. Алайда өзге елдерге қарағанда біздің Республика сыртқы факторларға аса нақты табандылық пен тұрақтылық танытуда. Бұл елде жүзеге асырылған ауқымды шаралардың нәтижесі. Бүгінде Қазақстанның біріншілік тәжірибесіне көптеген елдердің назар аударуы жаңалық емес, әсіресе назар аударып отырған посткеңестік кеңістіктегі елдер қатары.
Қазақстанның даму тұрақтылығы Елбасы ұстанып отырған салиқалы, сарабдал, көреген саясатының нәтижесінде қол жеткізілген үрдіс. Алдымен , «Қазақстан-2050» Стратегиясы президенттік даму бағдарламасын атаған жөн. Аталмыш құжаттың жүзеге асуы 2012 жылдың желтоқсанында басталды. Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы таныстырылды. Оның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы. Елбасының 5 институционалдық жоспарын жүзеге асыру бойынша Ұлт жоспары «100 нақты қадамын» айта кету қажет. Ұлт жоспарының тұжырымдамасы отандық және шетелдік сарапшылардың жоғары бағасына ие болды. Мәселен, аталмыш бағдарлама туралы пікір білдірген Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының мүшесі, тарих ғылымдарының докторы Олег Колобов құжаттың дәуірлік екенін айтты.
«Елбасының 5 институционалдық реформасын жүзеге асыру Ұлт жоспары «100 нақты қадам» Ұлы Дала елін құруды мақсат етіп отыр. Ол қазақстандық дамудың негізгі параметрлері мен ауқымды стратегиялық жоба аясындағы мемлекеттік құрылыс пен Қазақстанның алға ұмтылу, эволюционалдық, жалпықамту, әлеуметтік және экономикалық жаңартуларды басты ұстанымға ала отырып жаңғырту жүйесін жаңартуға бағытталған. Аталмыш құжат өміршеңдігі бойынша дәуірлік болып саналады», - деді ресейлік ғалым.
Қазақстандық қоғамда Елбасының бастамаларына назарды аударту бойынша тұрақты пікірлер саны көбеюде. Бұл ел азаматтарына жаңа экономикалық жағдайға бейімделуге және жылдам әсер етуге мүмкіндік береді. Бұл реформалар заңнамалық қамтуға қажеттілік танытып отыр, ол қазақстандықтардың жағдайына оң әсерін бере түсері ақиқат. Сондықтан да депутатардың Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихаттарда мерзімінен бұрын сайлау өткізу бастамасы өте орынды. Халық қалаулары өздерінің мәлімдемелерін 13 қаңтар күні жариялады.
«Бүгінде жақандық жүйелік дағдарыс бар әлем елін жаулап алды, дамыған елдердің өзі оның құрсауында қалды. Күрделі геоэкономикалық және геосаяси жағдай халықаралық қысым мен жаңа даулар, лаңкестік қауіптің көбеюімен сүйемелденуде.
Қазақстан 25 жыл еркін дамуының ішінде әлемдік дағдарыс қаупімен бірнеше рет қақтығысты. Ол әркез орынды жауап бере алды. Ел ол кезде дамудың жаңа сатысын арқа тастамақ еді. Соның нәтижесінде біздің ел дағдарыста жаңарған және қуатты күйінде шығып отырды. Қазақстанда қазір де нақты дағдарысқа қарсы жоспары бар. Елбасы Н.Назарбаевтың салиқалы саясатының нәтижесінде бізде «Ұлт жоспары» мен нақты стратегия бар. Ол әлемдік дағдарыс пен жаңа экономикалық жағдайға төтеп бере алады.
Бүгін – нақты әрі нақты істердің уақыты.
Осы орайда жаңа экономикалық жағдай мен әлемдік дағдарысқа төтеп беру шараларын жүзеге асыру үшін Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихаттардың сайлауын өткізу бастамасы ұсынылып отыр.
Біріншіден, қазіргі Мәжіліс өздерінің тарихи миссиясын орындап, «Ұлт жоспарына» заңнамалық база дайындады.
Парламент 80 заң қабылдады. Президенттің институционалдық реформалары бойынша «жол карталары» дайындалды.
Қазір жаңа тарихи кезең туған кезде елдің ауқымды жаңғыруы мен президенттік реформалардың барлық бағытын жүзеге асыру басталу үшін партиялар халықтың сенім мандатына ие болу маңызды», - делінген Парламент Мәжілісінің мәлімдемесінде.
Депутаттардың Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихаттардың мерзімінен бұрын сайлауын өткізу дұрыс шешім, себебі көп заң қабылданды. Мәжілістің қазіргі құрамы өзінің тарихи миссиясын орындады. Жаңару бұл болатын құбылыс. Мәжіліске жаңа адамдар келуі керек. Қазақстанда өз ісінің шеберлері өте көп. Парламенттің төменггі палатасын жаңарту үшін бір жыл күтудің қажет жоқ, деген пікірді ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшесі Әділ Ахметов білдірді.
«Аталмыш бастама елдің барлық саяси партияларының қолдауына ие болды.Депутаттар бұл шешімге толық түсінушілікпен қарады. Меніңше, оларды қолдау қажет. Ұлты жоспарының заңнамалық базасын жүзеге асыру үшін жаңа адамдар қажет. Елбасы бұл бастаманы қолдаған жағдайда Мәжіліске жаңа тапсырмалар беріледі», - деді ол.
Парламентшілердің бастамасы шетелдік сарапшы қауымның назарын аудартты. Н.Назарбаев басымдыққа ие болған президенттік сайлаудан кейін парламенттік сайлауды өткізу өте орынды, ұтымды қадам. Кез келген жетекші Парламентке сүйенеді, ол мемлекеттің тірегі. Сондықтан да, Н.Назарбаев депутаттық корпус арқылы оны қолдайтын адамдарға, халыққа сенім артады.Мәжілістің құрамын жаңарту үрдісі өте маңызды болып табылады,деп Стратегиялық жоспарлау және болжау институтының директоры Александр Гусев айтты.
«ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050:Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында экономикаға және ел алдында тұрған жаңару мәселелеріне басымдық берілген. Осы ретте Президент Стратегия-2050 нақты істерден тұратын нақты бағдарлама ретінде атап өтеді. Содан кейін Президент әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру міндетін қояды. Айта кетерлік жайт бұл міндетті іске асыру үшін оны 7 бесжылдыққа бөліп, әрқайсысына нақты істер жоспары жасалған. Олардың басым бөлігі жаңа технологияларды жасауға арналған, атап айтатын болсақ мобильді, мультимедиялық, нано- және ғарыш технологиясы, құлтеміртехникасы, гендік инженерия, болашақ энергиясын іздеу және ашу салаларында жаңалық ашу болып табылады. Ауыл шаруашылығы саласында, басымдық тиімді жер нарығына, ашық баға қалыптастыру жүйесіне және қайта өңдейтін кәсіпорындар желісіне берілген.Айтарлықтай көңіл тасымалдау саласынада бөлінуде, бұл ретте Қазақстанның Шығыс пен Батысты, Азия мен Еуропаны байланыстыратын мемлекет екені ерекше аталып өтуде. Шын мәнінде бұлсыз ешқандай мемлекет еркін дами алмайды. Сонымен қатар, маған Елбасының халыққа Жолдауының соңында жастарға көңіл бөлгені қатты ұнады. Ол оларды өз елінің болашағын бірлесіп жасауға шақырды, оларды осы мақсатта енжарлық танытпауын сұрады. Сондай-ақ, әр мемлекеттің болашағы оның жастарына, олардың алға қойған мақсаттарына байланысты екенін атап өтті. Егер жоспар түгелдей жүзеге асырылатын болса онда Қазақстан шын мәнінде экономикалық тұрғыда дамыған елдердің қатарына кіреді», - деп А. Гусев атап өтті.
Егер де Елбасы Н.Назарбаев депутаттардың Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихаттардың мерзімінен бұрын сайлауын өткізу туралы бастамасын қолдайтын болса, қазақстандықтар бәсекелестікке сай жаңа Парламенттің қалыптасуына сенім мандатын ұсына алады.
Данияр Қасымов
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару: Қазақстанда 7 449 жаңа басқару нысаны құрылды