- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжілістің мерзімінен бұрын сайлауы елдегі реформаларды жүзеге асыруды жеделдетеді
Мәжілістің мерзімінен бұрын сайлауы елдегі реформаларды жүзеге асыруды жеделдетеді
«Қазақстан ғалымдары қазіргі таңда 5 институттық реформаны және дағдарысқа қарсы кешенді шараларын жүзеге асырудың айрықша маңыздылығын атап өтеді.
Біріншіден, еліміз бүгінде дамудың мүлдем жаңа сапалық деңгейіне аяқ басты. Бес институттық реформа «Қазақстан 2050» стратегиясының басты межесі – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуымызға тың серпін береді. Сондықтан, Ұлт Жоспарын табысты іске асыру үшін халықтың жаңа сенім мандатына ие болған президенттік реформалар Парламенті және жергілікті маслихаттар қажет.
Екіншіден, әлемдік дағдарыстың аса қуатты кезекті легі келе жатыр. Осыған байланысты дағдарысқа қарсы шаралардың стратегиясы қабылданды. Бұл шаралардың мұқият жүзеге асырылуы еліміздің Өсімін, Реформалары мен Дамуын қамтамасыз етеді. Жаңа Парламент пен барлық деңгейдегі мәслихаттар дағдарысқа қарсы стратегияның жүзеге асырылуын заңнамалық қамтамасыз етуі тиіс.
Үшіншіден, сайлау мерзімін бір жылға созбай мерзімінен бұрын өткізу халықтың сайлау науқанына алаңдамай, елдік істерге жұмылуына, әрі қазіргі таңда әрбір тиыны маңызды бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді.
Осы пайымдардың негізінде Ұлттық Ғылым Академиясы Парламент депутаттарының ұстанымдарын құптай отырып, барша қазақстандықтарды халық қалаулыларының бастамасын қолдауға үндейді», - делінген Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының үндеуінде.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Шетелдегі қандастармен мәдени-гуманитарлық байланыс, білім гранттары және қазақ жастарының клубы -
ДСМ: Елдегі эпидахуал тұрақталып келеді