• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ә.Алмағанбетов: Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихатта мерзімінен бұрын сайлау өткізу орынды және өте қажет

Ә.Алмағанбетов: Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихатта мерзімінен бұрын сайлау өткізу орынды және өте қажет

16 Қаңтар, 2016 14:17
Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихатта мерзімінен бұрын сайлау өткізу орынды және өте қажет.Бұл туралы Қоғамдық-саяси үдерістердің сараптама-жобалық бюросы директорының орынбасары Әнуар Алмағанбетов Strategy2050.kz АА берген сұхбатында мәлімдеді.

«Парламент Мәжілісі депутаттарының мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы бастамасы біздің елдің өміріндегі өте маңызды қоғамдық, саяси жаңалық болып табылады. Әрине, бұл дұрыс шешім, себебі геоэкономикалық жағдай нашарлап келеді. Сайлауды мерзімінен бұрын өткізу әлемдік экономикалық жағдайдың нашарлауы мен әлемдік геосаяси тұрақсыздықтың салдарынан туындап отыр», - дейді Ә.Алмағанбетов.

Оның айтуынша, бүгін парламент депутаттары жаңа, бәсекеге қабілетті әрі кәсіби жағынан мықты парламентті қалыптастыруға мүмкіндік беретін қадам жасап, халыққа үндеу тастап отыр.

«Сайлаудың мәслихаттармен бірігіп өтуі қаржыны үнемдеп, бес институционалдық реформаны жүзеге асырудан энергетикалық әсер алуға мүмкіндік береді. Жалпы, Мәжілісте мерзімінен бұрын сайлау өткізу орынды және өте қажет», - деді сарапшы. 

Барлық жаңалықтар