• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Ахметов: Ұлт жоспарының заңнамалық базасын жүзеге асыру үшін жаңа адамдар қажет

А.Ахметов: Ұлт жоспарының заңнамалық базасын жүзеге асыру үшін жаңа адамдар қажет

16 Қаңтар, 2016 16:01
Ұлт жоспарының заңнамалық базасын жүзеге асыру үшін жаңа адамдар қажет. Бұл туралы ҚХА ғылыми –сараптамалық кеңесінің мүшесі Әділ Ахметов Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтты.

«Депутаттардың Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихаттардың мерзімінен бұрын сайлауын өткізу дұрыс шешім, себебі көп заң қабылданды. Мәжілістің қазіргі құрамы өзінің тарихи миссиясын орындады. Жаңару бұл болатын құбылыс. Мәжіліске жаңа адамдар келуі керек. Қазақстанда өз ісінің шеберлері өте көп. Парламенттің төменггі палатасын жаңарту үшін бір жыл күтудің қажет жоқ», - деді Ә.Ахметов.

Ол атап өткендей, аталмыш бастама елдің барлық саяси партияларының қолдауына ие болды.

«Депутаттар бұл шешімге толық түсінушілікпен қарады. Меніңше, оларды қолдау қажет. Ұлты жоспарының заңнамалық базасын жүзеге асыру үшін жаңа адамдар қажет. Елбасы бұл бастаманы қолдаған жағдайда Мәжіліске жаңа тапсырмалар беріледі», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар