• Басты
  • Жаңалықтар
  • М.Құл-Мұхаммед: қазақстандық журналистиканың дәрежесі айтарлықтай көтерілді

М.Құл-Мұхаммед: қазақстандық журналистиканың дәрежесі айтарлықтай көтерілді

11 Қараша, 2013 14:44
Бүгінгі таңда қазақстандық журналистиканың дәрежесі айтарлықтай көтерілген, деп мәлімдеді ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед ОКҚ брифингінде.

«Қазіргі күні қазақстандық журналистика батыс университеттерінде білім алған, ақпарат берудің түрлі жолдары мен тәсілдерін игеріп, түрлі құралдарды еркін қолданатын жас толқын, жас журналистер қазақстандық төртінші биліктің деңгейін айтарлықтай көтерді», - деді министр Мұхтар Абрарұлы.

Жалпы, министр қазақстандық журналистердің жұмысына көңілі толатынын  және болашақта бұдан биікке жететініндігіне  сенімді.

«Мемлекеттік  телеарналардың пайда болған бірінші күнінен бастап, КТК да жұмыс істей бастаған кезде мен олардың жаңалықтарын қадағалап жүрдім. Ол кезде аталмыш БАҚ қаражаты да шамалы еді, ал қазір жағдайлары едәуір жақсарды», - деді министр.

Министр  кезінде «Орталық телеарна» мен «Қазақстан» деген екі арна мен «Алатау» атты кішігірім арнаның да болғанын еске алды.

 

Барлық жаңалықтар