• Басты
  • Мәскеуде «Нұрсұлтан Назарбаев» атты кітап таныстырылды (ФОТО)
16 Қаңтар, 2016 12:04

Мәскеуде «Нұрсұлтан Назарбаев» атты кітап таныстырылды (ФОТО)

Мәскеуде Ресейдегі Қазақстан Елшілігінде «Молодая гвардия» баспасының «тамаша адамдардың ғұмырнамасы. Өмірбаяны жалғасуда» сериясы шеңберінде жарық көрген «Нұрсұлтан Назарбаев» атты кітап таныстырылды, деп хабарлады ҚР-ның Ресейдегі елшілігі.
Мәскеуде «Нұрсұлтан Назарбаев» атты кітап таныстырылды (ФОТО)

Еуразия экономикалық комиссиясының энергетика мен инфрақұрылым жөніндегі коллегиясының мүшесі (министрі), саяси ғылымдар докторы Тайыр Мансұров және Қазақстан жазушылар одағы басқармасының хатшысы, «Простор» қазақстандық әдеби журналының бас редакторы Валерий Михайлов кітаптың авторлары болып табылады.

Бұл шығарма жаңа тәуелсіз Қазақстанның негізін салушысы болып әлемге танылған адамға арналды. Кітапта оның өмір жолы тәуелсіз еліміздің құрылу кезеңдермен тығыз байланысты деген пікір берілуде. Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық ой қабілеттігі, салиқалы саясатты жүргізу тәжірибесі, әлемге танылған бастамалары және тұлғалық әсерлілігі оны қазіргі замаңғы ең көрнекті саясаткерлер мен мемлекет қайраткерлер қатарына қосты.

Кітап мазмұнына еліміздің жаңа тарихындағы ең маңызды кездері көрсетілген бай көрнекті материал кірді. Бұл шығармада Нұрсұлтан Назарбаев тек саяси өмірбаян арқылы емес, сонымен бірге оның отбасы, мектептегі оқу және жас қызметі кездері арқылы оқырмандарға таныстырылуда.

Іс-шараны бастап ашқан Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Марат Тәжин бұл кітапта әлемдік саясатының көрнекті тұлғасы, көреген стратег, терең ойлаушы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаяны толық берілгенін атап өтті. Президент жүйелі дәлелдеген ел жаңғыртудың жаңа кезеңі ашыла басталғанда бұл кітаптың жарық көруі оған ерекше мән береді.

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекетті, экономиканы, жалпы қоғамды дамыту үшін жаңа институционалды құқықтық негізін құруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының практикалық іске асырылуы басталды. Ұлт жоспары – қазіргі заманның жаһандық экономикалық, технологиялық және саяси үрдістеріне сай жасалған бағдарлама болып табылады. Мемлекет басшысы ұсынған ел жаңғыртудың ауқымы онымен мұқият танысуды талап етуде.

«Менін пікірім бойынша, басталған модернизацияны 1990-шы жылдары кезінде Қазақстанда өткізілген бірінші реформалар ауқымымен салыстыруға келеді», - деді М.Тәжин.

Марат Тәжин кітап авторларына өз алғысын айтып, бұл шығарма тарихшыларға, мұрағатшыларға, сарапшыларға және оқырмандардың кең ортасына қызықты болатынын атап өтті.

«Жас гвардия» ААҚ-ның Бас директоры Валентин Юркин кітаптың шығуы – оның баспасы үшін үлкен мәртебе екенін айтты. «Осы өмірбаян тарихының тамаша бастауы бар, - деді ол. – Еске алсақ, 1991 жылы біздің баспамызда Нұрсұлтан Назарбаевтың «Без правых и левых» атты алғашқы кітабы жарық көрді. Сол кезде Президент елдің ауыр құлдырау жағдайында іске асатын көз қарасын айқын және алғыр дәлелдеді». В.Юркиннің айтуы бойынша, жаңа кітап Казақстан басшысының бірегей өмірбаянын және өз республикасын түбегейлі өзгерту бойынша ауқымды мемлекеттік қызметтін қамтиды.

Тайыр Мансуров осыдан бұрын Президент Назарбаев туралы бірқатар кітап басылып шыққанға байланысты, бұл шығарманың авторлары алдында жоғары талаптар қойылғанын мәлімдеді. Оның айтуы бойынша, бұнда осы уақытқа дейін көпшілікке белгісіз қалған көптеген қызықты деректер келтірілген. 

Кітаптың екінші авторы Валерий Михайлов өз кезегінде – шығарманы көрнекті саясаткер мен адамды түсіну үшін жасалған бірлескен әрекетіміз, деп сипаттады. – Нұрсұлтан Әбішұлының қызмет жолы басталған жері Теміртауда жие болғаным және Қарағандыда туып өскенім маған осы кітапты жазуға көмектесті. «Казахстанская правда» газеті атынан көптеген ресми сапарларда Президентпен бірге болуым соншама ауқымды тұлғаны сезуге мүмкіндік берді.

В.Михайлов бұл кітаптың құндылығы қазақстандықтармен жазылғандығында екенін бөлісіп айтты. «Президентіміз туралы көптеген кітап шыққан болса да, менің ойымша, біз, қазақстандықтар, Мемлекет басшысының жеке тұлғасын және еліміздің жаңа тарихын шетелдік авторлармен салыстырғанда жақсырақ түсінеміз», - деді автор.

Ресейлік тауар өндірушілер одағының президенті Олег Сосковец өз сөзінде бүгін таныстырылған кітаптың басқалардан негізгі айырмашылығы бұнда келтірілген көптеген ақпарат Мемлекет басшысымен жеке байланыстар және кездесулер барысында шын болған оқиғалар мен нақты деректерге сүйенгендігінде, - деді. «Егер кітап авторлары тек оқиғалар қатысушылары бола қоймай, кейіпкермен жеке қарым-қатынаста болатын болса, баяндалған туралы үлкен жауапкершілік оларға артылады», - ерешке атап өтті О.Сосковец.

Белгілі ресейлік дипломат және мемлекет қайраткері Борис Пастухов салтанатты іс-шара барысында «Қазақстанның жаңа тарихын кез келген зерттеуші көптеген декертерге сүйенген бұл кітапты қызығушылықпен оқиды. Кітапты оқып бітірген соң Қазақстанды қанша ма аз білетінімді түсіндім», - деді.  

Сөзін жалғастыра келе, бұл шығармада болашағы зор қазақстандық-ресейлік қарым-қатынастарының қалыптасу кезендері көрсетілді, - деді Б.Пастухов. «Бүгінгі Қазақстанның жетістіктері Нұрсұлтан Назарбаевтың феноменісіне тура байланысты екені кітапта анық дәлелденді», - деп тәмамдады Б.Пастухов.

Таныстыру рәсімінің қатысушылары кітап өз оқырманын табатынына сенім білдірді. Баспагердің айтуы бойынша, бұл кітап жетекші ресейлік кітапханаларға, Ұлыбританияның, Германияның, Италияның, Испанияның, АҚШ-тың және ТМД елдерінің белгілі кітапханалар қорларына таратылды. 

Барлық жаңалықтар