• Басты
  • Жаңалықтар
  • В.Кобыльник: ҚР Президенті Н.Назарбаевтың реформалары заңнамалық қамтылуды қажет етеді

В.Кобыльник: ҚР Президенті Н.Назарбаевтың реформалары заңнамалық қамтылуды қажет етеді

16 Қаңтар, 2016 11:32
Әлеуметтік-экономикалық трансформация үрдісінде жергілікті атқарушы билік органдарының рөлі ерекше, себебі оларға заңнамалық нығайту мен Президенттің реформаторлық бастамаларын өңірлік деңгейде қамтамасыз ету мақсаты жүктелді. Бұл туралы Strategy2050.kz АА берген сұхбатында Каменец-Подольский (Украина) қалалық кеңесінің депутаты Василий Кобыльник.

«Біз Украинада Қазақстанның саяси өмірін бақылап отырамыз, ның ішінде Елбасының салиқалы саясаты мен бастамалары, Мәжілістің мерзімінен бұрын сайлауын өткізу жаңалықтары назар аудартады. Жаңа геосаяси және экономикалық сынақтар аясында оларға кешенді жауап беру өте орынды, жергілікті өкілдік органдарының жаңаруы Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық механизмін қалыптастыруға септігін  тигізеді. Әлеуметтік-экономикалық рансформация үрдісінде жергілікті атқарушы билік органдарының рөлі ерекше, себебі оларға заңнамалық нығайту мен Президенттің реформаторлық бастамаларын өңірлік деңгейде қамтамасыз ету мақсаты жүктелді», - деді ол

Оның айтуынша, жергілікті өкілдік органдары президенттік реформаларды өңірлік деңгейе ілгерілетуде маңызды рөл атқарады.

«Айта кетерлігі, билікке келетін депутаттарға жергілікті алдын ала сайлау қорытындысы бойынша үлкен жауапкершілік артылады, сондықтан олар экономикалық даму мен жаңару саласында аса ықтияр болулары тиіс. Украинаның жергілікті органдарыдың бір өкілі ретінде мен қазақстандық әріптестерімен депутаттық қызмет пен әлеуметтік-экономикалық реформаларды өткізуде сәттілік тілеймін», - деді В.Кобыльник.

Данияр Қасымов

Сурет жеке мұрағаттан алынды

Барлық жаңалықтар