• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қ.Әуесбай: Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихаттарда мерзімінен бұрын сайлау өткізу сайлау алдындағы кампанияға жұмсалатын шығынды қысқартады

Қ.Әуесбай: Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихаттарда мерзімінен бұрын сайлау өткізу сайлау алдындағы кампанияға жұмсалатын шығынды қысқартады

16 Қаңтар, 2016 12:33
Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихаттарда мерзімінен бұрын сайлау өткізу сайлау алдындағы кампанияға жұмсалатын шығынды қысқартады. Бұл туралы Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің саясаттану және журналистика факультетінің доценті Қанат Әуесбай мәлімдеді.

«Әлемдік экономикалық тұрақсыз жағдайды ескере отырып, Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихаттың сайлауын өткізу өте орынды деп есептеймін. Бүгін нақты іс-қимыл жасау қажет. Парламенттің төменгі палатасының қазіргі құрамы Ұлт жоспарын жүзеге асыру үшін қажетті заңнамалық базаны дайындады. Енді нақты істерге көшу қажет, ол үшін кәсіби білікті кадрлар қажет», - деді Қ.Әуесбай.

Мемлекет басшысына депутаттардың ұсынған бастамасы дағдарыс кезеңінде сайлау науқанын ұзармауы мен сайлау алдындағы кампанияға кететін шығынды азайтады.

Ботагөз Айтжанова

ФОТО: ortcom.kz

Барлық жаңалықтар