• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Ерімбетов: Мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізу барлық партиялар мен қазақстандық қоғам үшін қажетті сынақ

Н.Ерімбетов: Мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізу барлық партиялар мен қазақстандық қоғам үшін қажетті сынақ

16 Қаңтар, 2016 10:03
Мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізу барлық партиялар мен қазақстандық қоғам үшін қажетті сынақ, деді «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ директоры Нұрлан Ерiмбетов.

«Депутаттардың Мәжiлiс және барлық деңгейдегi мәслихаттардың мерзiмiнен бұрын сайлауын өткiзу туралы бастамасы көтерiлгенiне бiрнеше күн болды. Мен Азаматтық Альянс өкiлi ретiнде, азамат, қоғам мүшесi ретiнде бұл бастаманы қолдаймын», - деді ол.

Оның айтуынша, бұл депутаттардың уақыты ұйымдастырылған шешiмi. Жалпы, бұл Парламент саяси батыл әрекет жасады.

«Егер, Мемлекет басшысы аталған бастамаға қолдау көрсетiп, сайлау мерзiмiнен бұрын өтсе, онда бұл барлық партиялар үшiн, бiздiң қоғам үшiн жақсы тестiлеу болмақ. Кез-келген сайлау – бұл елдегi жай-күйдi анықтау құралы. Сондықтан, қоғамдағы азаматтардың жай-ахуалын, көңіл-күйiн бiлгiм келедi. Бүгiнде жаңа мемлекетте тұратын, әлемнiң қалай өмiр сүрiп жатқанын бiлетiн жас азаматтар өсiп келедi. Жалпы, мен үшiн кез-келген сайлау қоғамның көңiл-күйi мен елдегi мүмкiндiктердiң термометрi iспеттес», - дейдi Н.Ерiмбетов.

ФОТО: ortcom.kz

 

Барлық жаңалықтар